Медеу Демеу Медеуұлы (Сен десе бәрін ұмытам)

 Медеу Демеу Медеуұлы (Сен десе бәрін ұмытам)

Көкте де жүргім келмейді қазір жерде де,
Өзіңді сүйіп науқас боп жүрмін, емдеме.
Бақыттан басым бұрын тұратын айналып,
Мұңды боп кеттім мен неге?

Көрмегем ешбір әлі бір, жаным,ар аттап,
Қол бұлғап талай шақырса-дағы абат бақ.
Тек қана сені ұнатып өтем өмірден,
Өмірдің мынау беттерін жаймен парақтап.

Бүгін де көрдім түсімде сені жарқыным,
Жүрсің сен сеуіп жаныма сезім жарқылын.
Тағдырдың маған тартқаны тек өзіңсің,
Қайтейін басқа алтынын.

Өтермін,бәлкім,күндіз де,түнде сені ойлап,
Сен келер жаққа көзімді тігіп қарайлап.
Жабырқап жүрек тарығып жүрсе алдымнан,
Таңым боп атшы арайлап.

Өлшенбес өмір байлықпен және көрікпен,
Сен маған келсең қашанда жаным, сеніп кел.
Сен десе,өзім ұмытып кетем бәрін де,
Білмеймін, оны, неліктен?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады