Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсіме кірдің сен бүгін) » ZHARAR © 2016 | медеу демеу медеуұлы Түсіме кірдің сен бүгін өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Түсіме кірдің сен бүгін




  • »

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсіме кірдің сен бүгін)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсіме кірдің сен бүгін) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсіме кірдің сен бүгін) на казахском языке

Түсіме кірдің сен бүгін, түсіме кірдің тағы бір,
Жабырқау жүрек жабырқап,қалсын дедің бе,лағылым.
Екеуден екеу жүрміз біз гүл жапқан алма бақтарда,
Екеуміз жүрміз тек қана гүлдерден алқа тағынып.

Түсіме кірдің тағы да,түсіме кірдің неліктен,
Өңімде өгей болған соң түсімде маған келіп пе ең?!
Қызығы тайған қатыгез қауқарсыз қара жердеймін,
Тамызда жаңбыр тамбаған қырларды,жаным,көріп пе ең?

Түсіме кірдің, әйтеуір, жанымды нұрға бөлеп бір,
Өзіңмен ғана өзгеріп кетердей бейне кенет қыр.
Бақыттан басым айналып кетті ме екен,кім білсін,
Ессіз бір елтіп, шөлдеген жандай сені өптім.

Түсімде көрдім өзіңді, сағындым ба екен,кімбілсін,
Түсімде сені көрмесем мен үшін ондай түн құрсын.
Түсімде және ойымда жүре бер,жаным, мәңгілік,
Жалғасы болып мендегі жауқазын сынды жырдың шын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 170
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .