Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзгенің керегі жоқ) » ZHARAR © 2016 | медеу демеу медеуұлы Өзгенің керегі жоқ өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Өзгенің керегі жоқ




  • »

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзгенің керегі жоқ)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзгенің керегі жоқ) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өзгенің керегі жоқ) на казахском языке

Махаббатта бітіспес майдан бір шың,
Тілгілеген жанымды пайдаң құрысын.
Қасіретіңнен қан жұтып қамықсам сан,
Сенен басқа оны өзге қайдан білсін?!

Жанарыңнан көрмеймін қызғанұшқын,
Бөгеті ме, әлде бұл, бізге алыстың.
Сезесің бе, бұл күнде жүрегімде,
Иттері ұлып жатқанын қызғаныштың.

Сыртым бүтін болғанмен ішім масаң.
Көргенім жоқ өзіңнен мүсінді асар.
Күндіз жүрсең ойымда, ал түндерде,
Мазалайсың,жарқыным, түсімде сен.

Түсін, мейлі, сен мені түсінбегін,
Қазандай бір қайнайды ішімде мұң.
Сені қайдам, әйтеуір мен өзіңе,
Ешқашанда көлеңке түсірмедім.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 163
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .