Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өкінбен енді) » ZHARAR © 2016 | медеу демеу медеуұлы Өкінбен енді өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Өкінбен енді




  • »

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өкінбен енді)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өкінбен енді) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Өкінбен енді) на казахском языке

Өкінбен енді, о, менің көктем жылдарым,
Шақырсаң барман қолыңды қанша бұлғағын.
Есіңде сақтап,еске алып жүрсең жетеді,
Өзіңе жазған ақынның өлең-жырларын.

Өкінбен енді, сырласым болған көп түндер,
Жастыққа мас боп жауқазын от күндер.
Айлы түн қанша демеушім өзің болғанмен,
Алыстап сенен мүлдем кетті іргем.

Өкінбен енді, толқыған тентек көк теңіз,
Өзіңде қалсын елес боп біздер өткенбіз.
Жарқыным, менің жанымды түсінбеген соң,
Біз-дағы содан суынып әбден кеткенбіз.

Өкінбен енді, өкініп, жаным, болған мен,
Түсінер кім бар халіңді ғашық болғанмен.
Қош енді, қош бол, жолдасым болған өткен шақ,
Қош енді, қош бол, бір кезгі әйбат бақ-арман.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 47
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .