Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Ұмытпаспын, мен сені) » ZHARAR © 2016 | медеу демеу медеуұлы Ұмытпаспын мен сені өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Ұмытпаспын, мен сені, Ұмытпаспын мен сені




  • »

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Ұмытпаспын, мен сені)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Ұмытпаспын, мен сені) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Ұмытпаспын, мен сені) на казахском языке

Жоғалғаным бейне бір табылардай,
Сені іздеймін үмітпен дамыл алмай.
Дамыл алмай құр елес тұтқыны боп,
Кеткен бе, әлде, ойлардан арыла алмай.

Бал татып қалған соң ба кешелерден,
Сағынышым сәт сайын өсе берген.
Елдер өтсе жанымнан алаңдаймын,
Кездесіп қаларма деп көшелерден.

Білмейсің-ау, жанымның торыққанын,
Сағыныштан өткен бұл болыппа мұң?
Жүрсем дағы сол жердің торып маңын,
Жолықпадың, жарқыным, жолықпадың.

Мына менде кеткен бір өші бардай,
Несіне алдай бересің, несіне алдай?
Күндіз-түні сені ойлап жүргеніммен,
Мәңгі ұмытып кеттің-ау есіңе алмай.

Ұмытады, шындық ол, ұмыта алған,
Шақырғанмен қол бұлғап үміт алдан.
Күндіз естен, түн түстен жырақ етпей,
Мен өзіңді мәңгілік ұмыта алман.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 87
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .