Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Тұрмағамбеттен тәржіма) » ZHARAR © 2016 | жүрсін ерман Тұрмағамбеттен тәржіма өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері , жүрсін ерманов




  • »

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Тұрмағамбеттен тәржіма)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Тұрмағамбеттен тәржіма) казакша Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Тұрмағамбеттен тәржіма) на казахском языке

Ойланып алмай – іс қылма,
Сайланып алмай – күш қылма.
Шамаңнан артық шоқпарды,
Беліңе бекер қыстырма.

Белдігің бекем болмаса,
Екі қол жүрер ышқырда.
Сөзіме бәрі күлді деп,
Үйірсек болма мысқылға.

Қадірі кеткен кезінде,
Алтынды қорлап, мыс қылма.
Сағынтар кезі болады,
Сары аяз буған қыстың да.

Қамыстың күні жетпесе
Себепсіз түспес ұшқын да.
Өшіріп жатса ел өртті,
Шатырым менің шетте деп,

Қауымнан сен де тыс тұрма.
Шуылдың бәрі бір ғой деп,
Дауылмен бірге ысқырма.
Бойыңа шақтап өлшеп ал,
Ұқсағың келсе ұстынға.
Күбіге тиер септігі,
Түтіннен болған ыстың да.

Еліңнің қамын ойлай жүр –
Қырандай көкке ұштың ба.
Көлеңкесі жерде болады,
Аспанда жүрген құстың да!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 469
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .