Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Терісаққан) » ZHARAR © 2016 | жүрсін ерман Терісаққан өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері , жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның




  • »

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Терісаққан)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Терісаққан) казакша Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Терісаққан) на казахском языке

Сағымымен даланың жарыса аққан
Жақсылықтың алдынан желі соққан,
Кейінгі елге жылы сөз жеткізбекке
Хабаршыдай қуанып кері шапқан

Арқада бір өзен бар – Терісаққан.
Келісесің, болмаса керісесің,
Айтпағымыз әйтеуір кері шешім:
Терісаққан дейді жұрт бекер сені –

Саған жаңсақ таққан бұл теріс есім!
Жеткілікті болса да зейін-дарын,
Біз аңғарып жүреміз кейін бәрін:
Шөліркеген даланы шыр айналып

Теріс аққан шығарсың, мейірбаным?!
Аптабынан шілденің, Сартамыздың
Кепкен кезде аңқасы арқамыздың, –
Кейін қарай бұрылып кеттің бе екен,

Келді ме екен далаға нәр тамызғың?!
Қазағымның қақ жарып кең даласын
«Терісаққан» атанып енді ағасың.

Бәлкім, барлық өзендер теріс ағып,
Оң ағатын жалғыз-ақ сен ғанасың?!
Бәлкім, барлық өзеннен сен данасың...
Бәлкім емес, менің еш жоқ күмәнім,

Сейілтейін күдіктің көк тұманын:
Терісаққан дегенде,
Терістердің
Бәрі сендей болса ғой деп тұрамын!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 421
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .