Сарала күз


Сарала күз: қыр сары, ағаш сары,
Астық пісіп қазанға түскен бәрі.
Сары жапырақ ұшады тұғырынан,
Таба алмай өткен күннен дертке дәрі.

Өткен уақыт, бар дүние сары қалде,
Сары жапырақ өмірге құштарма әлде.
Сары жапырақ қалтырап үзіледі,
Зар болып жалғыз тамшы өмір нәрге.

Сары жапырақ көңілді түсіреді,
Өмір жайлы ойыңды пісіреді.
Пана таппай үзіліп тұғырынан.
Тағдырдың тауқыметін ішіп еді.

Сары күз, сары жапырақ -сары көңіл,
Сары түске боянған күзгі өңір.
Бүгінгі күн ертеңгіге үміт артып,
Бейсеубет өтіп жатқан жалған өмір.

Топыраққа айналып сары жапырақ,
Жап жалаңаш күй кешкен бәр атырап.
Уақыт солай айналып кете бермек,
Ақ қар жауып орынына күз қалтырап.

Насыреддин Қожырбайұлы
07.10.2019 ж.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу