Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Мизам)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Мизам)

Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Мизам) казакша Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Мизам) на казахском языке
Күні кеше көктем еді, япыр-ау,
ұзақ күндер өтпеп еді, япыр-ау.
Мұнша жылдам жапырақ қалай сарғайды,
Соған түскен секілді –
айтуға ауыз бармайды –
дүниедегі барлық азап, бар қайғы.
Кеше ғана жасыл талдар
бір індет
ұрған сынды дірілдеп тұр, дірілдеп.
Мезгіл, сенің қызметшің көп, құлың көп,
бірақ бәрін жеке-дара көтерер
белі бүтін бірің жоқ.
Жапырақтың жыртық-жыртық
көлеңкесі қабырғада, жарда ойнап,
күні кеше көкшіл судың бетіне
тұрып қапты сары тосап, сары қаймақ.
Сары кемпір салқында да сыра ішкіш
алақандай ауламызға айғайлап.
сары баласын қарғайды-ақ
Кешегіден не белгі бар – бәрі ғайып:
сатып алған кітаптың да көктемде
парақтары кепкен сын-ды сарғайып.
Кешегіден не белгі бар – бәрі ұмыт:
Сарғайыпты күннің аппақ жарығы.
Сары шаң ұйтқып сары желмен аралас,
Сасық текедей мекіренетін тәрізді
құла-шабдар сары бұлт.
Айналсаң-ақ сәл шаруаға, тұрмысқа,
Шолтаң етіп шығады өтіп күн қысқа.
Мезгіл – мырза деседі,
Рас мырза ма –
Мырза болсаң – қысқа ғұмырды ырзала.
Сары ағаш, сен бақыттысың:
Ертең қайта көктейсің,
Мен сарғайсам, сарғаям-ау біржола.
Бір бүйірімнен жел еседі, жел есе –
ызғар сездім,
Шаншу ұрды немесе...
Шаңыт-бұлттай сары тайлақ жүнінен
Күрте тоқып берсең еді, жеңеше.

Автор: ZHARAR | 1 406 | 8.11.2015



Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, жұмекен нәжімеденов өлең Мизам олен жумекен нажимеденов стихи на казахском, жұмекен нәжімеденов өлеңдері, жумекен нажимеденов стихи на казахском олендери, жұмекен нәжімеденов өлең Мизам олен жумекен нажимеденов стихи на казахском жұмекен нәжімеденов өлеңдері жумекен нажимеденов стихи на казахском олендери, Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Мизам) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке