Қадыр Мырза Али (Даналық пен балалық)

 Қадыр Мырза Али (Даналық пен балалық)

Сәуір ғажап,
Сәуірдегі гүл ғажап.
Сыбыр-сыбыр,
Күбір-күбір жылға жақ.
Жасыл көктем,
Сары күзден жаралған
Әрі бала,
Әрі дана бұл қазақ.
Күз алдында
Көктем біраз именген,
Именген де,
Келін болып үйге енген.
Ол кездері алпыстағы дана қарт
Он бестегі бала қызға үйленген.
Көзіне жас,
Көмейге сөз кептеліп
Тұрған жасты,
Жас демелік — от делік.
Әр заманның өз заңы бар,
Қайтесің,
Оның үшін атамызды сөкпелік.
Рас, рас!
Солай едік кеше біз.
Өткен солай неше көктем,
Неше күз.
Әйел болып,
Әйелдікке түсінбей,
Ойнап жүрген он бестегі шешеміз.
Шет жағасын көріп қалған кәрі анаң
Өткен күнге осқырынып қараман.
Талай қазақ
Алпыстағы қарт пенен
Он бестегі жас анадан тараған.
Мен бұл ойды тапқан жоқпын көшеден.
Алдым оны шежіре күн — кешеден.
Даналығың — алпыстағы әкеңнен,
Балалығың — он бестегі шешеден!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?