» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Дала дастарханы)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Дала дастарханы)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Дала дастарханы) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Дала дастарханы) на казахском языке
Жолдастарға
Достарға
Қажеті жоқ дауыңның.
Қонаққұмар дастарқан
Картасындай ауылдың.
Енесі көз алмайды
Елпілдеген келіннен.
Майда құрттар аумайды
Мәліш қойдан бөлінген.
Сары ірімшік түйірі
Сары алтындай шайылған
Сиырлардай Бүйірі
Шыққанша бір жайылған.
Талқаным-ай!
Тарым-ай!
Тегіс қойған аямай.
Жанындағы сары май
Жазда үйген маядай.
Шұғылалы, арайлы
Шоқ қыздырып астынан
Шыны аяққа қарайды
Шөккен нардай тасқұман.
Қозы етінің жанында
Қандай ғажап сұр етің. ...
Дастарқанға салынған
Бүкіл ауыл суреті

Автор: nurgul95 | 183 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Дала дастарханы өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Дала дастарханы, қадыр мырза али Дала дастарханы өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Дала дастарханы, Өлең: Қадыр Мырза Али (Дала дастарханы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке