Қазақша өлең: Ақылбек Шаяхмет (Аралас)

Қазақша өлең: Ақылбек Шаяхмет (Аралас) казакша Қазақша өлең: Ақылбек Шаяхмет (Аралас) на казахском языке

Қысы-жазы көздің жасын құрғатпай,
Қолын созып, көмек берер жан таппай,
Өзек жалғар бір тілім де нан таппай,
Демі үзілсе, «өлдім»» - деп те тіл қатпай,
Жүрген де көп жалаңаяқ, жалаңаш.

Масайраған, ішім-жемге тоймаған,
Мықты келсе жалбаң қағып, тойлаған,
Жанның емес, малдың қамын ойлаған,
Қонақ келсе, тышқақ лағын соймаған,
Пенде де көп бір біріне қарамас.

Күн суықта абыржитын, сасатын,
Жиғаны жоқ қатарынан асатын,
Бірақ, бардан қайыр, мейір тосатын,
Шамасы жоқ бірді бірге қосатын,
Келей де көп бір тойғанға шала мас.

Торқалы тон, жыртық шапан кигендер,
Тұщы етіне ащы таяқ тигендер,
Арам қолды басын иіп, сүйгендер,
Суға түсіп, жанған отқа күйгендер,
Бәрі-бәрі бұл фәниде аралас.
Беттер:
<< 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 14 >>



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ақылбек шаяхмет Аралас өлең олен стихи, акылбек шаяхмет, акылбек шаяхметов стихи, ақылбек шаяхметов өлеңдері, ақылбек шаяхмет өлеңдері, ақылбек шаяхмет өлең, Аралас, ақылбек шаяхмет Аралас өлең олен стихи, акылбек шаяхмет, акылбек шаяхметов стихи, ақылбек шаяхметов өлеңдері, ақылбек шаяхмет өлеңдері, ақылбек шаяхмет өлең, Аралас, Қазақша өлең: Ақылбек Шаяхмет (Аралас), Қазақша өлең: Ақылбек Шаяхмет (Аралас) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке