Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ілініп түн тұр тауларға)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ілініп түн тұр тауларға) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ілініп түн тұр тауларға) на казахском языке

Ілініп түн тұр тауларға,
Дамылдап тірлік қалған ба?!
Алыстан оттар жанады
Жай таппай мына жалғанда,
Адасып жүрген арман ба?!
Жарқ етіп, кейде бір өшіп,
Бұлаңдап, шалқып, тұр есіп.
Сөндірмек болған самалмен,
Сөнгісі келмей күресіп.
Бір жанады оттар, бір өшіп.
Адасып жүрген боларсың,
Отқа тарт, түнгі жолаушым!
От жанған жерде - ошақ бар,
Барарсың, мүмкін қонарсың:
Отқа тарт, отқа, жолаушым,
Жоғалсын үрей, жоғалсын!
Ұмтылып келер күндерге,
Жанады оттар түндерде.
Тіршілік барын аңғартқан,
Жанады оттар жан-жақтан,
Әкеліп үрей кімдерге,
Әкеліп үміт кімдерге
Жанады оттар түндерде.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Ілініп түн тұр тауларға өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, , мұқағали мақатаев Ілініп түн тұр тауларға өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өле, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ілініп түн тұр тауларға), Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ілініп түн тұр тауларға) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке