Қазақша өлең: Сырға салу (видео) » ZHARAR © 2016 | сырға салу рәсімі видео, сырға салу видео, сырға салу рәсімі видео сырга тагу, сырға салу, сырға салу салты өлең, сырга салу салты, қызға сырға тағу, сырға тағу дәстүрі өлең-олен-сырга-салу, Қазақша өлең Сырға салу




  • »

Қазақша өлең: Сырға салу (видео)

Қазақша өлең: Сырға салу (видео) казакша Қазақша өлең: Сырға салу (видео) на казахском языке

Тіршілікке ойларым жүр маталып,
Келмей қойған көптен түк жырға шабыт.
Тосындау жаңалықты жария қылдың:
«Кетті – деп – құлағыма сырға салып…»

Қарашы ол «пысықтың» жол тапқышын,
Тым ерекше сый екен моншақты сым.
Сен үшін «Селтеткізер» сырға болса,
Мен де таққызар едім он шақтысын.

Бұл сыйлық сезіміңді сыйқырлады,
Ал менен жаңалығың ұйқы ұрлады.
Ертең сені ап кетсе сырғасымен –
Саған емес, өзіне сый қылғаны.

Сырға салу – ол да салт, әдеп еді,
Бірақ осы жолы бұл кәде мені
Тұнжыратты…
Бұрынғы тағып жүрген
Өзіңнің сырғаларың әдемі еді.

«Бұйырса, ұзатылар тойым дайын,
Қырық күн тойда – отыз күн ойын дайын».
Деп кеттің…
Одан бұрын мен айтатын
Ақиқатым бар еді, мойындайын.

Мен сені әуел бастан «сүйген емен»,
Сүйем деп алдыңда бас имеген ем.
Есіміңді естіген кезде ғана
Бөленеді басқаша күйге денем.

Жамандық атаулыдан жырақ ойым,
Бар бірақ өзімшілдеу бір-ақ ойым.
Ол билесе санамды,
Ток жүгіртіп
Өткізгендей болады тұла бойым.

Мен саған «ғашық болып жарытпадым»,
Сенен сезім күтпедім, зарықпадым.
Жарық қамын іздеген қараңғыда
Жүрегім сәулеленді… бар ұққаным.

Демеймін өзгедей тек қызығамын,
Мен сені көре қалсам, бұзыламын,
Улайды жан-тәнімді қуалай қан,
Тулайды бойымдағы қызу ағын.

Осы аз ғана баққа көнші, көңлім,
Енді кейбір ісімді ерсі көрдім –
Ойланбастан үйімді айырбастап,
Саған жақын, іргеңе көрші қондым.

Күн сайын келіп тұрсам, көріп тұрсам,
Жаныма серуенде серік қылсам…
Деп жүргенде…
Қап, әттең, табан асты
Үлгертпей қалды оған ерік-мұршам.

Айтылмастан қаншама сырым қалды?
Жазылмаған соншама жырым бар-ды.
Енді тек тілеп өтем бақытыңды,
Қалқатай, түсін халді, ұғын жанды.

Сен бақытқа бөленсең бар ма қайғым?
…Енді саған түк тарту таңдамаймын.
Циклді одаларым шегерілді,
Осыдан кейін өлең арнамаймын!





Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 11 909
Рейтинг:
(голосов: 7)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .