» » » Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Емен мен қамыс)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Емен мен қамыс)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Емен мен қамыс) казакша Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Емен мен қамыс) на казахском языке
Бір көлдің Емен айтты Қамысына,
Сыбайлас көптен бергі танысына:
«Жаратқан мені Құдай сонша артық,
Мықты деп, жер жарылад дабысыма.
Жалғыз-ақ тең көремін Кафтың тауын,
Дүниеде менің қорқар бар ма жауым?!
Қасқайып иілмеймін, бүгілмеймін,
Соқса да қандай қатты құйын, дауыл.
Қорғаймын өзім түгіл, аймағымды,
Болса да қандай аптап, қандай жауын.
Мың сан құс келіп қонсын бұтағыма,
Зәредей көрінбейді маған ауыр.
Бірді олай жаратқан-ды, бірді бұлай,
Бәрінен қор жаратқан сені Құдай.
Жел тұрса, зәрең ұшып, қалтырайсың,
Басыңа, ауырлайсың, қонса торғай.
Жел жүріп, судың беті жыбырласа,
Ызыңдап қүлағыңа сыбырласа,
Бұғасың, бүгілесің сонша төмен,
Тұрамын жарар ед деп жығылмаса.
Егерде жақын жерде болсаң маған,
Ешкімді жолатпас ем, қорғап, саған.
Әуелде сені Құдай жаратқанда,
Аслан сенің жайыңды ойламаған.
Беріпті саған орын суға жақын,
Тұрсын деп құйын, дауыл, дуға жақын.
Көз салып әр тарапқа қарап тұрсам,
Аз екен дүниеде сенен пақыр».
«Құлақ сал, Емен батыр, тоқта азырақ,
Есімі пақырлықтың менен жырақ.
Иілсем, мені дауыл сындыра алмас,
Сындырар сені қайта бұрынырақ.
Ықтияр дауыл соқсын, құйын соқсын,
Уайым менің үшін жеме бірақ.
Дауылдан иілсем де, бүгілсем де,
Мен саған жалынбаймын жәрдем сұрап.
Еменім, сен білмесең, мен айтайын,
Менен де сенің қаупің артығырақ.
Ол рас, сені әлі жеңе алмай жүр,
Кез келмей күші сенен басымырақ.
Дүниеде өзім деме жалғыз мықты,
Адасқан олай ойлап қаталықты».
Болмады сөзін тамам еткенінше,
Бұрқырап, құйындатып дауыл шықты.
Дауылдың екпініне шыдай алмай,
Не түрлі мақұлықтың бәрі ықты.
Қашаннан айла етіп, әдіс алған -
Жабысып жер бауырлап Қамыс бұқты.
Қасарып, қайыспастан Емен тұрды
Дауылға көрсетем деп мықтылықты.
Неғылсын оның Емен екендігін,
Қопарып түбірімен дауыл жықты.

* * *
Білеміз, Қамыс нашар, Емен мықты,
Еменді мықты деген дауыл жықты.
Майысып, қарсыласпай, Қамыс бұғып,
Сынбастан сол дауылдан аман шықты.
Мықты деп болса біреу аты шыққан,
Алысып болмаса жан оны жыққан,
(Кісіге аса қайрат пайда бермес)
Бір күні жазым табар тасқандықтан.
Күштінің ыңғайымен жүргендерді
Ойлама істейді деп жамандықтан.
Болмаса қайратыңа ебің серік,
Опа жоқ құр айласыз мықтылықтан

Автор: nurgul95 | 111 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Өгіз бен бақа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Өгіз бен бақа)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Түлкі мен қарашекпен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Түлкі мен қарашекпен)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Кісі мен арыстан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Кісі мен арыстан)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жас ағаш)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жас ағаш)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Еменнің түбіндегі шошқа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Еменнің түбіндегі шошқа)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жазғырма мені жан-аға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жазғырма мені жан-аға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Менің сырым жігіттер емес оңай)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Менің сырым жігіттер емес оңай)
Ертегі: Қотыр торғай
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қотыр торғай
Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Кешір Алла)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Кешір Алла)
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бұйрық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Бұйрық)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп)
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Менің сырым, жігіттер, емес оңай) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Менің сырым, жігіттер, емес оңай) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қазақ салты)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қазақ салты)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Сорлы болған мұжық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Сорлы болған мұжық)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Көк есектерге)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Көк есектерге)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Адамдық диқаншысы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Адамдық диқаншысы)

KZ / Өлеңдер жинағы, ахмет байтұрсынұлы Емен мен қамыс өлең ахмет байтурсынов олен, ахмет байтұрсынұлы өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском, ахмет байтурсынов олендери, Емен мен қамыс, ахмет байтұрсынұлы Емен мен қамыс өлең ахмет байтурсынов олен ахмет байтұрсынұлы өлеңдері ахмет байтурсынов стихи на казахском ахмет байтурсынов олендери Емен мен қамыс, Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Емен мен қамыс) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке