Ғашық еттің сен мені


Танысып ек екеуміз жаз айында,
Бір көргеннен ғашық оты лаулады ма?
Жүрек толқып сымбатына сұлулықтың,
Ғашықтық па білмеймін күйіп-жандым.
Тулап тұрды жүрегім,
Қан жүгіріп бойыма.
Күлімдеген жүзіңді көргенімде,
Шаттық сезім пайда болды жүрегімде.
Әрбір айтқан сөздерің жанға жағып,
Тыныш жатқан жүрегім оттай жанып.
Аппақ сезім жүрегімде лаулады.
Дүрсіл қағып, сүйемін деп тек сені.
Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе,
Сүйемін деп айта алмадым көзіңе.
Бір көргеннен ғашық болған жалған деп,
Жанып тұрған жалын отын басқанмын.
Жақсы көру, ұнату ма білмеймін,
Жан жүрегім оттай лаулап барады.
Балқып денем,
Тұла бойым шымырлап.
Бұндай сезім бұрын-сонды болмаған,
Жан-тәнімен сені ғана қалаған.
Ғашық еттің сен мені,
Құралай көз, киғаш қас.
Жетісуды мекен еткен еліктейсің,
Суретшінің қиялындай көріктісің.
Судай тұнық көңілің,
Күндей жарық жылуың.
Сені көріп құлпырдым,
Биіктерге ұмтылдым.

Айтбек Рымбекұлы Әліпов


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу