Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Сұлулығын табиғаттың сезесің бе?)

 Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Сұлулығын табиғаттың сезесің бе?)

Әсемдігін табиғаттың сезбеппін,
Сезсем дағы оң бағалай білмеппін.
Зымыраған күндерімен ілесем деп,
Қадірін де сұлулықтың білмеппін.
Күздің қара суығын елестетіп,
Қоңыр күздің сұлулығын сезбеппін.
Жапырақтың сарғайғанын сезсем де,
Сұлулықтың кереметін сезбеппін.
Қыстың қаһар аязын елестетіп,
Жауған қардың әсемдігін сезбеппін.
Боранның да ұйытқығанын сезсем де,
Әсем сазды құдіретін білмеппін.
Сен үйреттін сұлулықты, сезімді,
Ғашық бола білуді.
Жүрегіңе біліне ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүректі.
Бүгін міне самал желдің желісінен оянам.
Сен аялап келді екен деп жаныма.
Жапырақтың сылдырынан оянам,
Сенің сылдыр күлкін бе деп бұл сәтте.
Сен үйреттін сұлулықты, сезімді,
Ғашық бола білуді.
Жүрегіңе біліне ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүректі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!