» » » Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жүрші жаным)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жүрші жаным)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жүрші жаным) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жүрші жаным) на казахском языке
Жүрші, жаным,
сапарларға шығайық, құлшынамын.
Кең далаға үйренген қайран басым,
мынау күңгірт бөлмеде тұншығамын.
Қол ұстасып,
меніменен ұзақ жол, жорыққа шық.
Қысқа өмірде күйзелмей, күйбеңдемей,
бір жүрейік қайда да толып-тасып.
Түнеп шығып аты аңыз қалаларға,
түстенейік порттар мен жағаларда.
Қатері мол тірліктің күлкі-азабын
бір көрейік, сүйіктім, дара қалма.
Серпілейік,
кеттім ғой түршігіп мен
Күңкілдерден алумен күрсініп дем.
Бар тілегім - сақтағай екеуімізді
жайбарақат топас бір тіршіліктен.
Мен кеттім оралмасқа буып белді,
маңдайдан сылып тастап суық терді,
алқынып кеп отырдым оңаша үйде,
бөтелке коньякпен жуып шерді.
Ызадан булығамын жарылардай,
менменшіл сиқыр күйден арыла алмай,
назданып еркелесең, елжіреген
сәттердің жүрегімде табы қалмай.
Мен үшін аспан бүгін құлағандай
қызығып енді бізге сығалар ма ай?..
Әлде сен өкпе-ашудың бәрін сарқып,
мені іздеп келермісің, шыдай алмай?..
Білмеймін неге күттім. Келер дедім,
әйтеуір, есік жаққа елендедім.
Білмеймін саған қарай тартқан күшті
қуатым бар ма, жоқ па жеңер менің...
Көкетайым!
Өзіңді сағындым-ау.
Құлазыған көңілсіз шағым мынау.
Алатаудың басынан қыс келді ме -
бұрқан-талқан көңілім. Жаным қырау.
Күн санаймын,
Күйзелгенім - көзімде тұнса қайғым.
Жылжымайды сағат та.
Сен кеткелі
жүзі ауғандай бір емес, біршама айдың.
Жабығамын.
Сенсіз қалай бұл күйден арыламын?
Асып-тасып қалайын алғаш рет
көріскендей, тез келші, ақ лағым.
Сенен өзге жанның бәрі
адамға ешбір ұқсамайды.
Өзің жара салдың-дағы,
жанарымды құшса қайғы.
Керең жандай түк ұқпайды
бір өзіңнен басқа халық.
Жүректі ешкім жылытпайды,
Кетті сенсіз шаш та ағарып.
Сенің ерке қылықтарың
басқада жоқ - айдан анық.
Сезімімнің тұнықтарын
жүрсің жалғыз жайлап алып.
Сағынсам да, амал қанша,
тынши алам қайда барып?
Өзің қашан оралғанша,
жүрем енді қайғы оранып.
Аяулым!
Сен кеткелі қанша күн!
Күтуменен шаршадым.
Көкірегім толған сезіммен
құшағыңды сенің аңсадым.
Таңдайымда қалған-тәтті дәм
талықсығандай тамсадым.
Еркем, өзің кеттің де,
душар болдым дертке мен.
Сағыныш деген өртпенен
лауладым.
Мұндай сезімді
бұрын-соң бастан шекпегем.
Қаңырап қалған бөлмеде*'
сенделіп, уақыт өткерем.
Жынданған жандай, көз жұмсам,
бейнеңді сенің көп көрем.
Мәңгіріп қалдым жандардай
ақ арманына жетпеген.
Дүниенің барлық қызығы
үдере көшкен секілді
сен ұшқан самолетпенен.
Қасірет екен жалғыздық.
Сен барда мынау қос бөлме
ұқсайтын қазды қос көлге,
Құлазып қалған секілді
басынан бақыт көшкендей.
Қалған жандаймын елсізде,
кездеспей жалғыз дос пенде.
...Қиянаты мол жалғанның
қиындықтарын арқалап
туар деп алдан арман күн -
мен үшін жалғыз күн кешкен
анама сонда таңдандым.
Елестеп таныс денең,
есті алды күндей мүсін.
Жүрсең де алыс менен,
соны сен білмеймісің?
Тартпайды үйге қарай,
көңіл де алаң бүгін.
Түстім бұл күйге қалай,-
Өзіңсіз қараң күнім.
Ойлайтын ермегім - сен,
ешқайда шықпадым да.
Неге ерте келмедің сен,
жайымды ұқпадың ба?
Шаршатты қанша мың ой
өзіңсіз кездерімде.
Сені ылғи аңсадым ғой,
айтшы, сен сезбедің бе?..
Бір сырымды айтам өзіңе, жаным, ал тыңдап:
алдыңа сенің күліп те келем жарқылдап,
алдыңа сенің түнеріп келем кейде мен,
өмірдің кейбір көлеңкелерінен салқындап.
Алдыңа бірақ көлгірсіп келмен қашанда,
бар жаным осы: сүйкімді ме әлде нашар ма?
Көзіме жақсы көріну үшін өзің де
ұзатар қыздай сәнденіп, текке жасанба!
Сенсіз күндерде қайғы-мұң басып еңсені,
тілегем талай: "Аяулым жақын келсе
еді..."
Жағынба маған, жарамсақтардан жиіркенем,
анадан туған пәктікпен сүйем мен сені.
Ашуың келсе, ренжиді-ау деп ашынба,
ішіңнен тынып, жаныңның күйін жасырма.
Екеуіміз, жаным, алдасып жүріп қайтеміз,
онсыз да мынау шындыққа тапшы ғасырда.
Мынау жігіт алмаған құны бардай
неге сонша сен жаққа телміреді?
Іш жағымда аш қасқыр ұлығандай,
дүрсілдейді жүрегім, сезді нені?
Бар-жоғымда ісі жоқ мына менің,
саған қарап сөйлейді көзін алмай.
Асықпадың сен-дағы, тұра бердің,
әңгімешіл жан еді өзі қандай.
Сыртқа шықтым. Сенделдім.
Күлкі, бақыт
өткінші екен. Көктемгі сағым-бәрі.
Өшім қалған кісідей бұрқыратып, ^
сигаретті тауыстым жанымдағы.
Бір шықтыңдар бір кезде. Лапылдадым.
Қозғалуға бойымда күшім қалмай.
Жылдам басып жаныма жақындадың,
мені жаңа көргендей, қысылғандай.
Тіл қатпадық.
Бермедім сұрақ та мен,
айтар сөзді жүрекке қамалаппын.
Пықтасып келеміз.
Бірақ менен
мәңгілікке алыстап бара жаттың.
Күтіп алдым тағы да. Бір келемін.
Айтқың келді бірдеңе - үндемедің.
Қимай әлде ұялып жүрсің білем,
өңің тура көнерген түрсіз кілем.
Аямашы. Ашып айт. Еңіремен.
Сүйіспеші, оны ойлап, меніменен.
Көңіліме қарама, мүсіркеме,
сезіміңнің онан да күшін теже:
Оған деген сезімнің күші басым
болса, менен несіне қысыласың?
Қызғанайын, мейлі мен жынданайын,
тек көңілді алдаумен ұрлама, айым.
Жанарың нұр ұшқынын қарады іркіп,
мен содан көрген сайын қалам үркіп.
Айтпай-ақ сезіп тұрмын:
бұл күндері
жүрсің ғой басқа адамға алабұртып.
Сонда да жүрек құрғыр саған ынтық.
Жүр сені бір жас сезім еліктіріп,
тулаған ту сезімге желік кіріп.
Мен саған бұрынғыдай келе алмаймын
кірбіңсіз ақтарылып, сеніп, күліп.
Тұрмайсың бұрынғыдай ашық, күліп
(мені де мысық етті пасық күдік),
құлазып отырасың мені елемей,
сыр толы жанарыңды қашық тігіп.
Басқа адам кетті-ау, сірә, ғашық қылып.
Мен үнсіз телміремін саған талмай,
кір шалған көңіліңді жаңарта алмай .
...Мен енді іштей ғана өртенемін,
жана алмай жапырылған жанартаудай.
Барады мұнан басқа амал қалмай.
Тіл қатыстық.
Айттың сен ол ерекше ұнағанын,
сосын... сосын онымен кеткеніңді.
Мен қазбалап (қайтейін) сұрамадым,
кінәлармын мұндайда текке кімді!...
Енді екеуіміз бөлекпіз,
былтыр бір ек!
Күдікті де мен сорлы ұмытқам-ды.
Дем алысым жиілеп, бұлқып жүрек
көмейіме келді де, тұрып қалды.
Не айтайын мен саған?
Аяғыңды құшып-ақ жалынар ем,
жалыныштан махаббат орала ма?
Шығып кетпей тұр менің жаным әрең,
даяр да едім өлуге сол арада.
Айтарым жоқ.
Шамам да жоқ айтуға бүгін менің,
кете бардым қош деуге жарамастан.
Бар сезгенім - көшеде сүрінгенім,
сосын сездім - айналып барады аспан

Автор: nurgul95 | 223 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Жүрші жаным өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Жүрші жаным, фариза оңғарсынова Жүрші жаным өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша фариза оңғарсынова өлеңдері фариза онгарсынова олендери фариза онгарсынова стихи на казахском Жүрші жаным, Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жүрші жаным) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке