![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Мынау қолым, басым мынау)

Мынау қолым, басым мынау, жүрегімде - тосын әнім;
Жүзім күңгірт, шашым қырау, неде болса, осы барым.
Көзбен көрем, үйренемін, ол да менің бір ардағым.
Бар ма, жоқ па ми дегенің, соны бірақ біле алмадым.
Дидарымда - кемел көрік, табиғаттың сыйы бұл да.
Тіршіліктің келем көріп қызығын да, қиынын да.
Өмір биік, терең әрі - тыным таппай сар желемін.
Бірақ ұқпай келем әлі - қай жерімде жан дегенің?
Башпайда ма, білекте ме - қайдан тапты сәтті жайды?
Алқынады жүрек неге, тамыр неге шапқылайды?
Елтімеуші ем әрнеге онша, жанды іздеймін, сабырлы едім.
Сүйіктім-ау, дәу де болса, сенде шығар жаным менің?!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Мынау қолым-басым мынау өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Мынау қолым-басым мынау