![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Бір-ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін)

Бір-ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін:
маңайымды, тіпті анау жыңғыл гүлін
сен арқылы ораймын жылылыққа,
сен арқылы сіңіріп күннің нұрын.
Үстемдігін жүргізіп заман мына,
адамзаттың болмысы жаңарды ма -
мен, әйтеуір, сезінем сен арқылы
әлемдегі жақсыны, жаманды да.
Самарқаумын қызығу, құнығуға,
табиғаттың жатыр ма сыры мұнда -
кешіремін үлкенді, кішіні де,
жақсы, жаман олардың қылығын да.
Менде бұрын жоқ қылық мұның бәрі,
ұқпай келем өзім де сырымды әлі.
Бар дүние кеткендей сүйкімді боп,
жаным жақтырмастар да бұрындағы.
Еткендей-ақ мен бейне таңды мұра,
нәр құяды бір сәуле ән-жырыма;
сенетінді шығардым әр адамның
бойында бір жақсылық барлығына.
Сен арқылы сүйемін бұлақ, күнді,
сен арқылы қысым - жаз, қырат нұрлы.
Сен арқылы жұмбақтар шешім тауып,
сен арқылы самсаған сұрақ тұрды.
маңайымды, тіпті анау жыңғыл гүлін
сен арқылы ораймын жылылыққа,
сен арқылы сіңіріп күннің нұрын.
Үстемдігін жүргізіп заман мына,
адамзаттың болмысы жаңарды ма -
мен, әйтеуір, сезінем сен арқылы
әлемдегі жақсыны, жаманды да.
Самарқаумын қызығу, құнығуға,
табиғаттың жатыр ма сыры мұнда -
кешіремін үлкенді, кішіні де,
жақсы, жаман олардың қылығын да.
Менде бұрын жоқ қылық мұның бәрі,
ұқпай келем өзім де сырымды әлі.
Бар дүние кеткендей сүйкімді боп,
жаным жақтырмастар да бұрындағы.
Еткендей-ақ мен бейне таңды мұра,
нәр құяды бір сәуле ән-жырыма;
сенетінді шығардым әр адамның
бойында бір жақсылық барлығына.
Сен арқылы сүйемін бұлақ, күнді,
сен арқылы қысым - жаз, қырат нұрлы.
Сен арқылы жұмбақтар шешім тауып,
сен арқылы самсаған сұрақ тұрды.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Бір-ақ-жайды-әйтеуір-білдім-бүгін өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Бір-ақ-жайды-әйтеуір-білдім-бүгін