![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Үйім - менің отаным)

Үй – сарай өткізердей хандар күнін
(мұндай жай – біраз жұртқа арман бүгін),
сыңғырап бұлақ үні, Күн әйнектен
төгеді біздің үйге таңнан нұрын.
Балкон ба? Балкондағы елес бөлек!
Гүл мұнда жайқалады ерекше бек.
Ойлайсың осы жерге орман-дала
біржола көшіп келген емес пе деп.
Бөлмеден сәби күлкі шашылса – құт,
төменгі көршілердің басын шағып,
жүреді біздің үйдің патшалары
қырдағы қозы-лақтай асыр салып.
Бәрі үйде: ас, су, кино, білімің бе,
қонақ жоқ келіп-кетер мыңы күнге.
Үйіңе бір енгесін, қияметтей
далаға қайта шығып, кіруің де.
Көршімен отырмаймыз сыр ағытып,
үнсізбіз – қойғандаймыз сына жұтып.
Уақыт жоқ амандыққа кей көршінің
жүреміз түсін ғана шырамытып.
Туса да қилы-қилы басыма күн,
осында сан қуанып, жасығаным.
Әйтеуір бір рахат күтетіндей
мен ылғи ошағыма асығамын
(мұндай жай – біраз жұртқа арман бүгін),
сыңғырап бұлақ үні, Күн әйнектен
төгеді біздің үйге таңнан нұрын.
Балкон ба? Балкондағы елес бөлек!
Гүл мұнда жайқалады ерекше бек.
Ойлайсың осы жерге орман-дала
біржола көшіп келген емес пе деп.
Бөлмеден сәби күлкі шашылса – құт,
төменгі көршілердің басын шағып,
жүреді біздің үйдің патшалары
қырдағы қозы-лақтай асыр салып.
Бәрі үйде: ас, су, кино, білімің бе,
қонақ жоқ келіп-кетер мыңы күнге.
Үйіңе бір енгесін, қияметтей
далаға қайта шығып, кіруің де.
Көршімен отырмаймыз сыр ағытып,
үнсізбіз – қойғандаймыз сына жұтып.
Уақыт жоқ амандыққа кей көршінің
жүреміз түсін ғана шырамытып.
Туса да қилы-қилы басыма күн,
осында сан қуанып, жасығаным.
Әйтеуір бір рахат күтетіндей
мен ылғи ошағыма асығамын
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Үйім - менің отаным өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Үйім - менің отаным