![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Қаланың тас көмкерген тірлігінен)

Қаланың тас көмкерген тірлігінен,
жаныма жай таба алмай зыр жүгірем.
Биікке талпынсам да, тырп еткізбей
әйтеуір тұмшалайды түрлі жүген.
Жеткендей бір сәулеге шам жақпай біз,
алшаңдап «азатпыз» деп айға аттаймыз.
Бас ұрып жалтаңдаймыз көрінгенге,
әкімге жағынамыз, жалбақтаймыз.
Сүт, нан деп шал мен кемпір, қара бала –
кезекте дірдектейміз таң ағара.
Тар үйде бала-шаға шүпірлесіп
күтеді кезек дәретханаға да.
Әбжылан жылжып еніп кемемізге,
азабын өмір бойы шегеміз бе?
Тәңірім Хауа шешем қылмысының
жазасын тартқызады неге бізге?!
Тыпырлап тар бөлмеде тұншығамын,
жалпылдап сөне береді жыр-шырағым.
Ұрынған теріс ағынға қайықтаймын,
білмеймін құтқарам деп кім шығарын
жаныма жай таба алмай зыр жүгірем.
Биікке талпынсам да, тырп еткізбей
әйтеуір тұмшалайды түрлі жүген.
Жеткендей бір сәулеге шам жақпай біз,
алшаңдап «азатпыз» деп айға аттаймыз.
Бас ұрып жалтаңдаймыз көрінгенге,
әкімге жағынамыз, жалбақтаймыз.
Сүт, нан деп шал мен кемпір, қара бала –
кезекте дірдектейміз таң ағара.
Тар үйде бала-шаға шүпірлесіп
күтеді кезек дәретханаға да.
Әбжылан жылжып еніп кемемізге,
азабын өмір бойы шегеміз бе?
Тәңірім Хауа шешем қылмысының
жазасын тартқызады неге бізге?!
Тыпырлап тар бөлмеде тұншығамын,
жалпылдап сөне береді жыр-шырағым.
Ұрынған теріс ағынға қайықтаймын,
білмеймін құтқарам деп кім шығарын
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Қаланың тас көмкерген тірлігінен өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Қаланың тас көмкерген тірлігінен