» » » Өлең: Абай Құнанбаев (Татьянаның Онегинге жазған хаты)

Өлең: Абай Құнанбаев (Татьянаның Онегинге жазған хаты)

Өлең: Абай Құнанбаев (Татьянаның Онегинге жазған хаты) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Татьянаның Онегинге жазған хаты) на казахском языке
Амал жоқ – қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.

Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан.

Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсем де.
Шыдар ем күйіп, мен жанып,
Айында бірер көрсем де.

Болмады көріп қалуға,
Есітіп біраз сөзіңді.
Шыдар ем бір ай жатуға,
Ұзақ түн жұмбай көзімді.

Қызықтан қашып бұл жерге
Көңіліңіз суып келіпсіз.
Мәнісін сұрап бірерге,
Тілдесе алмаймын еріксіз.

Келмесең егер сен бізге,
Сау болмас па ем, әлбетте?
Болмасам ашына мен сізге,
Түспес ем мұндай бейнетке.

Асау жүрек қайнамай,
Жуасыр ма еді кезінде?
Елден бір жақсы сайламай,
Бармас па ем ерге өзім де?

Өзгеге ешбір дүниеден
Еркімен тимес бұл жүрек.
Әзелде тағдыр иеден,
Қожам – сенсің, не керек.

Тіршілігім – құрбандық,
Шыдамай сені көргенше.
Тәңірімнен келген бұл жарлық,
Ием – сенсің өлгенше.

Әуелде кірдің түсіме,
Ортақтасып өміріме.
Толғау салып ішіме,
Сол күнде-ақ жақтың көңіліме.

Құдайдан болғай деп емі,
Құдайыны мол бердім.
Көрген жерде-ақ мен сені,
"Осы екен ғой – сол" дедім.

Жатқан сайын ұйқыға,
Дұға оқушы ем, шошынып.
Ұнатып мені құлқыңа,
Жүруші едің қосылып.

Түсімде мені жұбантып,
Жылы сөзбен сөйлесіп.
Кетуші едің қуантып,
Қалушы еді көңіл өсіп.

Шыныңды айт, кімсің тербеткен,
Иембісің сақтаушы?
Әлде азғырып әуре еткен,
Жаумысың теуіп таптаушы?

Шеш көңілімнің жұмбағын,
Әлде бәрі – алданыс.
Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс.

Не болса да өзімді
Тапсырдым сізге налынып.
Толтырып жасқа көзімді,
Есірке деймін жалынып.

Бұл жерде ешкім сырымды
Білмейді, айтып не етейін?
Жақтырмай бұзсаң нұрымды,
Білдірмей күйіп өтейін.

Күтемін сізден қайта хат,
Қуандырып дертім жаз.
Ол болмаса, шынынды айт,
Кінә өзімде, өзіме аз.

Өз хатыма өз көзім
Ұялып, қорқып баға алмас.
Кепілім – сенің бір өзің,
Бөтен жан несіп таба алмас

Автор: nurgul95 | 1 172 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға Кәкітай атынан хат)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахманға Кәкітай атынан хат)
Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахман науқастанып жатқанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Әбдірахман науқастанып жатқанда)
Өлең: Абай Құнанбаев (Оспанға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Оспанға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің Татьянаға жазған хаты)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің Татьянаға жазған хаты)
Өлең: Абай Құнанбаев (Онегин сөзі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Онегин сөзі)
Өлең: Абай Құнанбаев (Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек)
Өлең: Абай Құнанбаев (Сен мені не етесің?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Сен мені не етесің?)
Өлең: Абай Құнанбаев (Көкбайға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Көкбайға)
Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
Өлең: Абай Құнанбаев ( ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ - АҚЫЛ ЗЕРЕК)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев ( ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ - АҚЫЛ ЗЕРЕК)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (....ға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (....ға)
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсіме кірдің сен бүгін)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Түсіме кірдің сен бүгін)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өзгеге, көңілім, тоярсың)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Өзгеге, көңілім, тоярсың)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қор болды жаным)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қор болды жаным)

KZ / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Татьянаның Онегинге жазған хаты өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Татьянаның Онегинге жазған хаты, абай құнанбаев Татьянаның Онегинге жазған хаты өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Татьянаның Онегинге жазған хаты, Өлең: Абай Құнанбаев (Татьянаның Онегинге жазған хаты) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке