Дос (Достық)

Дос (Достық)

Достығымыз достар арылмасын,
Пейіміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.

Куніміз күлкілі бола берсін,
қуанышқа көңіліміз тола берсін,
нұрлы аспан астында аясында,
басымызға бақ келіп қона берсін,

Зұлымдықты әрқашан жеренейік,
адалдықты сүйуді үйренейік,
бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
бір әдемі ғажайып, күйге енейік.

берсе берді бермесе санаспайық,
болмайтынға ұрысып таласпайық,
арамызда алайақ бүреу болса
оны қатар ортадан аластайық

Жасамайық қианат кісі кетім
Байлық мансап кісіні ісіретін
Қанағатсыз ағайын ойласаңдар
Абыройын кісінің түсіретін.
Автор: Рахым Балабиев




Досыма

Жаныма жалғыздық көп тиіседі,
Жансарай-сырға толы мүйіс еді.
Тағдырдың тоғыз жолды торабы бар,
Жолымыз енді қашан түйіседі.

Бұл күнде өзіңді ойлап жабығамын,
Өзіңді сәт көрмесем сағынамын.
Өмір де осыменен қызық екен,
Амалсыз жазғанына бағынамын.

Жаныңның жылуына мен табындым,
Кетсең де арасында сен сағымның.
Өзіңмен мен біргемін, өйткені әркез,
Жанымнан әрқашанда сен табылдың.

Ақкөңіл ниетіңмен жүректесің,
Бір мектеп екеумізді түлеткесін.
Мәңгілік өмір жолы бірге болып,
Ешқашан арамыздан қыл өтпесін.

Достарым

Тұрғанымда қысылып
Медет берген достарым;
Өз қайғысын ысырып
Көмек берген достарым;

Замандастың жеңісін
Көре білген достарым;
Қолындағы жемісін
Бөле жеген достарым;

Сынға түскен кездерде
Сырын бермес достарым;
Қамыққанын өзгеге
Біліндірмес достарым;

Тайғақ заман, тар жерде
Қолын берген достарым;
Жолдасына мәреде
Жолын берген достарым.

Жырға сені қосумен
Өтсем деймін досым-ау;
Сыйлас болып досыммен
Өмірімде осынау.
Авторы: Жанбай Өзденбаев

Досым, досым айналайын күлкіннен!
Қымбаттысың аспандағы ай, күннен.
Сен қуансан, қуанамын мен бірге,
Жыласанда,мұнайсанда.
Жұбатармын өмірде.
Бұл өмірде жыламашы сен бір ақ.
Жүре бергің, өмір бойы жарқырап.
Өмір баки достар болып өтейік.
Әр қашанда сыйластықпен жүрейік.

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып…
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады