Қазақша өлең: Нағашыма » ZHARAR © 2017 | нағашы туралы өлеңдер, нағашы туралы өлең, нағашы туралы өлең жолдары, нагашы туралы олен, нагашы туралы олен жолдары, нагашы mp3, нагашы mp3 скачать,




  • »

Қазақша өлең: Нағашыма

Қазақша өлең: Нағашыма казакша Қазақша өлең: Нағашыма на казахском языке

Мақтанышым,мақтаулымсың, нағашым,
Асылымсың,ақылымсың,дара шың.
Жиенінің қамын ойлап жүгірген,
Қиындықта қорған болған панамсың.
Бар жақсыны тілеймін бір басыңа
Жыр арнаймын бүгінгі бір жасыңа.
Отбасыңның шаттығы асып-тассын,
Құшақтауға келейін мен қасыңа.

Нағашы деген бір жұрт бар,
Ойымды қолдап,шын құптар.
40-қа толған,нағашым,
Жан болшы бақты құрықтар!

Нағашыма тілейтінім көп менің,
Жеңгемізбен өсіп-өніп көктегін.
Отбасыңда тойлар тойлап әрқашан,
Қуанышқа толы болсын көктемің.
Толың тойлап,нағашым, 50 жасқа,
Бақыт құсы мәңгңге қонсын басқа.
50 жаста 50 жақсы тілек тілеп,
Қуантамын өзіңді,аға,саспа!

Қиындыққа қамықпаймын,
Нағашым бар,тірегім.
Алғыс айтып жалықпаймын,
Аман жүрші тілерім.

Анашымның аяулы ағасысың,
Жиеніңнің жылуы,панасысың.
Қарайлайсың құлап маған қалмайма деп
Сондықтан арқа сүйер нағашысың.
Денсаулығын мықты болсын,нағашыжан,
Аман бол адамдардың аласынан.
Дастарханың қуанышқа жайылған тек
Айналдым,панам болған нағашыдан.

Жүзің бопты әжімдермен құрысқан,
Нағашымды жақсы көрем туысқан.
Назарына қалмасам деп бәйек боп
Жиендерін ренжітпеуге тырысқан.
Аман жүрші,қартаймашы бүгілме,
Туған күнің жасқа толған бүгінде.
Шаңырағыңда шат-шадыман думан боп,
Нағашыжан,әр күніңде күлімде.

Жиенім деп еркелете қарайсың,
Азаматқа мені ерекше балайсың.
Бар бақыттың балын татшы,нағашы,
Жақын тартып өз балаңа санайсың.
Нағашыдан артық жұртым жоқ шығар,
Олар болса көңілім де тоқ тұрар.
Құрметтеймін нағашымды қол созса
Қайғы-мұңды бір-ақ сәтте жоқ қылар.

Сол екеуден жеті-сегіз біз бармыз
Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?!
Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз,
Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 12 271
Рейтинг:
(голосов: 34)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .