1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ұлы достық)

 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Ұлы достық)

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтаралық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Серт берісіп туыс болып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.

Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

"Ауыл арайы" газеті

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Аяулым Курмашева
    2 + 2 -
    Олен оте жаксы! Бирак авторы ким
  2. Тамирлан Шориков
    2 + 1 -
    НОРМА

Ілмектер: 1 мамыр бірлік күні өлең, Қазақша өлең: Бірінші 1 Мамыр - Бірлік күні, Қазақша өлең, Бірінші 1 Мамыр - Бірлік күні, стихи на казахском языке, 1 мамыр ынтымақ күні өлеңдер, 1 мамыр ынтымақ күні бірлік күні өлеңдер, стихи на казахском языке про 1 мая, стихи на казахском языке день единства 1 май, 1 мамыр бірлік күні олен, 1 мамыр мерекесіне арналған өлеңдер, 1 мамыр ынтымақ күніне арналған өлеңдер, 1 мамыр мейрамы, 1 мамыр тақпақтар балабақша, 1 мамыр тақпақ, 1 мамыр туралы тақпақ, 1 мамыр бірлік күні тақпақтар, 1 мамыр бирлик куни такпак, 1 мамыр бирлик кунине такпактар, стихи на казахском языке на 1 мая, 1 мамыр, тақпақтар балабақша, тақпақ, балабақша, 1 мамыр такпактар балаларга, ауыл арайы газеті