Порно туралы сіз білмейтін таң қаларлық фактілер

Порно туралы сіз білмейтін таң қаларлық фактілер

Жақында ғана автобуста порнография көріп отырған бүлдіршін қыздың әрекетін көпшілік қызу талқылады. Осы орайда nur.kz порталы қоғам дертіне айналған бұл ұғымға қатысты сіз білмейтін ащы шындықты bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

1. Жыл сайын әлемде 13 000 «ересектерге арналған» фильм жарық көреді. Одан 13 миллиард доллар табыс түсіп отырады. Салыстырмалы түрде айтсақ, Голливуд жылына 507 фильм түсіріп, 8,8 миллиард теңге ғана табады.

Порно туралы сіз білмейтін таң қаларлық фактілер

2. Порноиндустрия АҚШ-та NBC, CBS және ABC компанияларын қоса алғанда көбірек табыс әкеледі. Тіпті бұл сала Google, Amazon, eBay, Yahoo, және Netflix компанияларының табысын шаң қаптырған.



3. Әр секунд сайын 30 000 000 қолданушы интернетте порно қарайды. Яғни 30 млн-ға жуық адам дәл қазір порно қарап отыр деген сөз.



4. Тағы бір көңіл көншітпейтін статистика адамдардың қандай порно видеоны тамашалауды ұнататынына қатысты болып отыр. Белгілі болғандай, "жеткіншек" сөзі порно видеолар арасында әлем бойынша ең көп ізделетін сөз болып шықты. 2005-2013 жылдар арасында "жеткіншектердің порносын" тамашалайтындар саны үш есеге артқан.



5. АҚШ порно түсіруден әлем бойынша көш бастап тұр. Олардың бұл саладағы үлесі - 98% .



6. Солтүстік Кореяда порно қарағандар өлім жазасына кесіледі.



7. Интернеттегі бүкіл ақпараттың жартысына дерлігі порноға қатысты жүктелген.



8. Монреаль университетінің зерттеушілері ер азаматтардың дені порноны 10 жасынан бастап қарайтынын анықтады.



9. Күн сайын АҚШ-та 68 млн адам порно туралы ақпарат іздейді.



10. Порноактерлер (ерлер) айтарлықтай жақсы табысқа кенелмейді. Алайда олар гей-порноға түссе үш есе артық ақша алады екен.



11. Монреаль университетінің зерттеушілері ер азаматтардың арасынан 20 жасқа дейін порно көрмегендерді қанша іздесе де таба алмаған.



12. АҚШ-тан кейін порноматериал әзірлеуден алғашқы қатарда Германия тұр.



13. Әр 39 минут сайын АҚШ-та жаңа порнофильм жарыққа шығып отырады.



14. Америкалықтардың 20%-ы жұмыста порно қарайтындарын айтып, ағынан жарылды.



15. Бұл сөздерді сараптама нәтижесі де растап отыр. Себебі, порнотрафиктің 70 пайызы жұмыс күндерінде, жұмыс уақытында іске қосылады.



16. Порно қарайтын ерлердің көбі әйелдің әуретті жеріне емес, оның эмоцияға берілген бет-жүзіне қарап отыратын болып шықты.

17. Австралияда төсі бірінші көлемде немесе одан кіші болған әйелдерге порноға түсуге тыйым салынған деген жалған ақпарат тарап кеткен. Бұған басты себеп - төсі кішкентай әйелдерді жеткіншекпен шатастырудың оңайлығында. Сол себепті, ондай нәзік жандылар порнотүсірілімге көп тартыла бермейді.



18. Зерттеушілер әлем бойынша жеткіншектер секс туралы көбірек білу үшін порноны пайдаланатынын анықтады.



20. Әйелдер ерлерге қарағанда порноны азырақ қарайды.

дереккөз, ФОТО: BIGPICTURE.RU

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!