Девальвация Ақтау дүкендеріне әсер ете бастады » ZHARAR © 2017 | Девальвация Ақтау дүкендеріне әсер ете бастады, Девальвация, Ақтау, дүкен, әсер, ете




  • »

Девальвация Ақтау дүкендеріне әсер ете бастады

Девальвация Ақтау дүкендеріне әсер ете бастады казакша Девальвация Ақтау дүкендеріне әсер ете бастады на казахском языке

Ұлттық банк теңге девальвациясын жариялаған соң, Ақтаудағы екінші деңгейлі банктер мен валюта пунктері ақша айырбастауды тоқтатып, қаладағы бірқатар ірі сауда нүктелері уақытша жабылып қалды.

11 ақпанда Ақтау қаласындағы екінші деңгейлі банктерде 1 АҚШ долларының құны 155,5 теңгеден бірден 187 теңгеге, ал еуро бағамы 210 теңгеден 270 теңгеге өсіп шыға келген. Сәл кейін долларды сату бағамын 203 теңгеге белгілеген банктер түскі сағат 12.00 шамасында ақша айырбастауды мүлдем тоқтатқан.

Теңгенің күрт құнсыздануы жергілікті тұрғындар арасында аса қатты дүрбелең туғызбағанымен, банкоматтар алдында есебіндегі ақшаны тезірек алуға талпынғандар кезегі ұзарды.

Теңгенің құнсыздануы Ақтаудағы сауда нүктелеріне де әсер етті. Техникалық бұйымдар дүкені "Sulpak" сағат 16.00-ға дейін жабылып қалды.
Сауда желісінің өкілі газет тілшісіне тауар бағалары қымбаттайтындығын хабарлады.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев бүгін шұғыл түрде аппарат жиналысын өткізіп, аймақтағы азық-түлік бағасының көтерілмеуін қадағалауды, бағаны қолдан өсіргендерге шара қолдануды тапсырды.

Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 3 818
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .