Теңге мультивалюталық қорға байланыстырылады » ZHARAR © 2016 | Теңге мультивалюталық қорға байланыстырылады қазақша жаңалық, казакша жаналык Теңге мультивалюталық қорға байланыстырылады, новости на казахском Теңге мультивалюталық қорға байланыстырылады




  • »

Теңге мультивалюталық қорға байланыстырылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаны АҚШ долларынан, еуродан және Ресей рублінен тұратын мультивалюталық қоржынға байланыстыру тетігін пайдалануға көшеді, деп хабарлайды BNews.kz .

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Г.Марченконың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы ақпаннан бастап теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамы режимінің шеңберінде валюта саясатын жүргізіп келеді.

Осы режим Ұлттық Банктің валюталық сауда-саттыққа тек айырбастау бағамы динамикасының нарықтық алғышарттармен берілетін жалпы трендін қалыптастыруға әсер етпей, айырбастау бағамының күрт өзгеруін реттеу мақсатында ғана қатысуын болжайды.

Айырбастау бағамының саясатын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының динамикасына әсер етеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының интеграциялық процестерін, негізгі сауда әріптестермен сауда және сыртқы экономикалық байланыстарын серпінді дамыту, сондай-ақ әлемдік негізгі валюталардың өзара құбылуларын күшейту аясында бағам саясатына арналған тәсілдерді жетілдіру қажет.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап ұлттық валютаны АҚШ долларынан, еуродан және Ресей рублінен тұратын мультивалюталық қоржынға байланыстыру тетігін пайдалануға көшеді.

Қазақстан Республикасында мультивалюталық қоржынды енгізудің мақсаты бағамдық саясатты жүргізу кезінде операциялық бағдардың өзгеруі болып табылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі АҚШ долларына байланыстырудың орнына 3 валюта – АҚШ долларының, еуро мен Ресей рублінің динамикасына сүйенетін болады.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 479
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .