👈 қаріп өлшемі 👉

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжамын айтты

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжамын айтты

Ұлттық валютаның бағамын айқындайтын оң іргелі факторларға қарамастан, валюта нарығында құбылмалылық сақталуда. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баспа және телевизиялық БАҚ-тың бас редакторларымен кездесу барысында айтты деп хабарлайды NUR.KZ пен baq.kz ақпарат агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Девальвациялық болжамдар әсерінен шетел валютасына сұраныстың артуынан 14 қыркүйектегі жағдай бойынша теңге бір доллар үшін 337 теңгеге дейін 0,3%-ға әлсіреді. Жыл басынан бері 1,4%-ға әлсірегені байқалып отыр», - деді Ақышев.

Ұлттық банктің болжамы бойынша, егер мұнай бағасы бір баррель үшін 50 АҚШ долларынан төмендемесе, ал Ресей рублінің бағамы бір АҚШ доллары үшін 59-60 рубльден аспаса, теңгенің долларға шаққандағы бағамы ағымдағы деңгейде сақталады.

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжамын айтты

Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы елдің алтын-валюта резервтерінің өскенін айтты.

«Алдын ала деректер бойынша, алтын-валюта резервтері сегіз айда 32,9 млрд. АҚШ долларына дейін 11,6%-ға өсті. Ұлттық қордың 58 млрд. АҚШ долларына жуық активтерін қоса алғанда, елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы 2017 жылғы тамызда 91 млрд. АҚШ долларына немесе ІЖӨ-нің 61%-на жетті», - деп атап өтті ол.

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы