Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі » ZHARAR © 2017 | теңгенің, жасап, болып, теңге, жылдың, жетекшісі, Schildershoven, Finance, шаққандағы, болады, бағамы, хабарлайды, сілтеме, тоқсанда, долларға, соңғы, рубль, мұнай, басылымына, арасында




  • »

Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі

Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі казакша Сарапшы: Қазақстанда доллар бағамы 320 теңгеге дейін түседі на казахском языке

2016 жылдың жаз айларында теңге тұрақталып, доллаға шаққандағы бағамы 310-320 теңгенің арасында болады. Мұндай болжамды Schildershoven Finance сараптамалық департаментінің жетекшісі Владимир Малиновский жасап отыр деп хабарлайды LS басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Сарапшының сөзініңше теңгенің тағдыры мың құбылған мұнай бағасына тәуелді болып қала береді.

«Біз 2015 жылдың соңғы 4 айынан бастап теңгенің екпінді құлдырауын бақылап отырмыз. Ұлттық банк рубльмен теңгенің айырмасын болдырмас үшін бар күштерін салғанымен нәтиже болмады. Екі валюта да өзінің тарихи құлдырау шегіне жетті. 2015 жылдың соңында 1 рубль 2001-2014 жылдардағыдай курсқа ие болып, 4,8-5 теңге тұрды. Енді осы екпін жалғаса береді», - дейді ол.

Маманның пікірінше, 2016 жылы рубль 10% әлсіреп, тек соңғы тоқсанда 15-20% тұрақталатын болады. Осыған сәйкес теңге де 1 тоқсанда долларға шаққандағы бағамы 385 теңгенің айналысында болып, тек мамыр айына таман 310-320 теңгеге тұрақталады.

Schildershoven Finance департаменті жетекшісі Қазақстанда мұнай бағасының құлдырауынан зардап шеккен елдің бірі деп санайды.

Сондай-ақ доллардың да шарықтауына халықтың жаппай көк қағазыды сатып алуы да себеп болып отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі депозиттердің 80% пайызы ұлттық валютадан долларға ауыстырылған.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 468
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .