Курстық жұмыс: Психология | Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары

Курстық жұмыс: Психология | Жалпыұлттық  мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары казакша Курстық жұмыс: Психология | Жалпыұлттық  мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары на казахском языке

Мазмұны
1. Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру - өскелең ұрпақты әлеуметтендіру 3
2. Оқушылардың бойына дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру 7
3. Еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары – ұжымдық, отбасылық, жеке іскерлік сияқты түрлері 10
4. Әлеуметтік және жеке тұлғааралық қарым-қатынас факторлары 15
5. Қорытынды 18

КІРІСПЕ
Жас адамды әлеуметтендіру жеке бастың жан-жақты дамуын қалыптастыруды, оның санасында мақсат-мұраттардың орнығуын, азаматтық кемелденуді, қоғамдық белсенділікті және жоғары адамгершілікті тәрбиелеуді талап ететін борыш пен ізгілік, тілек пен мүмкіндік, мүдде мен қажеттілік сияқты қайшылықтар күресінің барысында жүзеге асырылатын күрделі де қиын процесс.
Сондықтан жан-жақты әлеуметтендірілген адамға қажетті негізгі ұғымды адамдық қасиеттерді түгелдей қарастырып, анықтаудың қажеті жоқ. Керісінше, ең бастысы, осы қалыптастырғалы отырған әлеуметтік тұлғаға қажетті элементтерді құратын заңды құрылыс байланысын табу керек. Мысалы, білім беру ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқарасын қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарас адамның жан-жақты қалыптасуының ең негізгі заңды арқауы. Осы тұрғыдан қарастырылғанда жас ұрпақты әлеуметтендірудің басты міндеті ретінде дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру қажет екендігін атап көрсетуге болады. Өйткені дүниеге мұндай көзқарасты қалыптастыру адамды жан-жақты жетілдірудің негізгі принциптерінің ең бастысы әрі теориялық негізі б.т. Олай болса, мектептегі оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп, дамытудың бүкіл сан-саналы процесінің, яғни жасөспірімдерді әлеуметтендірудің заңды арқау жібі - әрбір оқушының бойына дүниеге ғылыми негіздерін қалыпттастыру б.т. Дәлірек айтқанда, нарық жағдайында оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың басты міндеті – оқушыларға білімдердің дайын жүйесін беру емес, алдағы бүкіл өмірі бойында адамның өзін-өзі қалыптастыруы үшін қажетті білімдер негізімен және дүниені танып білу мен өзгертудің ғылыми методымен қаруландыру б.т.
Орта мектеп оқушыны тәрбиелеудің пассивті обьектісінен өзін-өзі жетілдіріп, дамытудың белсенді субьектісіне, яғни өзін-өзі тәрбиелей білетін жеке тұлғаға айналдыруға тиіс. Жеткіншек ұрпақты қоғам өміріне даярлау, оның ертен қандай болатыны оған тек белгілі бір мәдени және кәсіптік білім беруге ғана байланысты емес. Бастысы бұл іске – нарықтық экономика жағдайына өмір сүруге, қызмет істеуге қабілетті іскер де ойшыл жеке тұлғаны қалыптастыру.
1.Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру - өскелең ұрпақты әлеуметтендіру
Дүниені танып-білу өзгертудің жанды өзегі б.т. дүниеге дәйекті көзқарастағы мұндай жеке адамды қалыптастыру үшін, ең алдымен әрбір оқушының творчестволық ойлау қабілетінің жан-жақты жетілуіне баса назар аударылуы керек. Творчестволық тұрғыда ойлау білудің өзі тек қабілетттілік жетілдірілуге тиіс. Өйткені егеменді жас мемлекетіміздің жан-жақты гүлденуі мен өркендеуі үшін жасампаз іс-әрекеттің қандай бір түрінде болмасын терең және жан-жақты ойлай білуге қабілеттілік ой самғауының, жаңаны тынбастан іздеудің, сол жаңаны қолданудың, барлық жерде және барлық істе, соның ішінде нарықтық экономика саласында да инициатива көтерудің ұйытқсысы б.т.
Мектеп жасындағы шақ – ойлау қабілетінің дамуындағы ең бір маңызды кезең. Көрнекті швейцарлық психолог Ж.Пиаженің зерттеулерінің нәтижелеріне қарағанда, жасөспірімдердің творчестволық ойлау қабілетінің негізі 12-16 жас шамасында қалыптаса бастайды. Демек, ойлау қабілетінің жан-жақты дамуын оқыту прцесінен бөліп қарауға болмайды. Мұндай қорытындының дұрыстығын белгілі ғалымдар Л.И.Божовичтің, И.С.Конның және басқалардың жүргізген зерттеулері де көрсетіп отыр. Мсыалы, психолог Н.С.Лейтес өзінің байқауларының, оқушылармен әңгімелесуінің және олардың іс-қимылдарының нәтижелеріне, сондай-ақ кәдімгі эксперименттік мәліметтерге сүйене отырып, II,IV,IX класс оқушыларының ойлау қабілеттерінің айырмашылықты ерекшеліктерін салыстырған. Оның пікірінеше, жас өспірімдердің теориялық ойлауға қабілеттілігі бастауыш класс оқушыларының ісіне қарағанда анағұрлым жоғары.
Рас, жоғары класс оқушыларының ойлау қабілеті өте белсенді және біршама дербес өтетін процесс. Олар мұғалімдердің айтқанын сын көзімен қабылдайды. Өздерінің ішкі пайымдауларымен салыстырып көреді. Сонан соң ғана барып жүйелі бір қорытындыға келуге талпынады. Мұндай талаптылық олардың ойлау қабілетінің аса маңызды сапасы б.т. Творчестволық ойлаудың арқасында олар бүгінгі таңдағыны бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар өткендегіні танып біледі, болашақты күн ілгері болжайды. Олар үшін ойлау қызметінің арқасында бастауыш кластардаға сезім арқылы танып білуден гөрі енді ішкі, жалпы тікелей қабылданылмайтын заңдылықтарды рациональдық (логткалық) тұжырымдау жолымен меңгеруге ұмтылушылық тән сипат.
Бірақ, олардың ақыл-ой қалауының тереңдігі көбінесе ойдың бытыраңқылығымен, белгілі бір жүйеге келтірілмеуімен және әдістің жоқтығымен байланысып жатады. Демек, белгілі бір жүйелі абстрактілі ойлауды дамыту, түрлі-түрлі логикалық айла-тәсілдермен қаруландыру Қазақстандағы білім беру жүйесінің қандайының болмасын алдында тұрған аса маңызды міндет.
Қазіргі заманда творчестволық тұрғыдан жан-жақты ойлау білу қабілеттілігін дамыту ойлаудың аса маңызды формасы болып отыр.
Өйткені табиғатта болып тұратын даму процестерін, табиғаттағы жалпыға бірдей байланыстарды зерттеудің бір саласынан екіншісіне көшуді түсіндіретін бірден-бір дұрыс тәсіл – тек қана осы диалектика. Диалектика дегеніміз – табиғаттың, қоғамның, ойлаудың және танымның қозғалысы мен дамуының жалпыға бірдей заңдары жайындағы ілім. Ол заттарды және олардың ойда бейнеленуін өзара байланысты, олардың қозғалысы, пайда болуы және дамуы тұрғысынан алып зерттейді. Демек, диалектика ғылымы дүниетаным негіздерін нақты игеруге және дүниенің тұтастай бейнесін қалыптастыруға тікелей әсер етіп, білім мазмұнындағы негізгі білімдерді, құбылыстарды және фактілерді тақырыптық-синтетикалы түрде оқып-үйренуден дүниенің жалпы интеграцияланған ғылыми бейнесін оқушылардың ой жүзінде тұтастай елестете алуына көмектеседі.
Тегінде, білім беру дүниеге дәйекті көзқарасты қалыптастырудың ғылыми негізін құрайды. Сондықтан біздің елімізде оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі ретінде мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында жүзеге асырылса дұрыс болар еді. Ол, біріншіден оқыту барысында ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ғылыми білім негіздерін, рухани құндылықтарды және дағды-іскерліктерді процесінде; екіншіден, оқушылар арасындағы сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында; үшіншіден, көпшілік мәдени және қоғамдық жұмыстарға оқушыларды тартуда; төртіншіден, ата-аналар мен көпшілік арасында жүргізілетін насихат жұмыстарында жүзеге асырылуы тиіс. Соңғысы, яғни халықты қоғамымызға жат көзқарастардан арылту – ата-аналардың балаларын сүйікті Отанымыз – Қазақстанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Өйткені «бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйелеріне, әрбір отбасына қатысты».
Ал, енді өсіп келе жатқан жас ұрпақты ә л е у м е т т е н д і р у барысында олардың ішкі дүниесін байытудың ұстамды өзегі – дүниеге көзқарас дегеніміздің не нәрсе? Ол қандай ұғымның жиынтық бейнесін білдіреді? Дүниеге көзқарас ұғымының мәні, мазмұны, құрылымы және сипаттық белгілері қандай?- деген сұрақтарға жауап беріп өтелік. Өйткені қарастырылып отырған мәселедегі басты ұғымды толық түсінбейінше, алдымызға қойылған проблеманы талдап шешу, практикалық іс-әрекетте пайдалану мүмкін емес.
Дүниеге көзқарас ұғымы алғаш рет XVIII ғасырдың аяғында немістің философиялық әдебиетінде қолданыла бастады. Бұл ұғымды өз еңбектерінде алғаш рет қолданған ғалым немістің классикалық философиясының негізін салушылардың бірі И.Кант болды. Көп ұзамай-ақ бұл ұғым басқа тілдерге аударылып, дүниежүзілік қоғамдық-саяси әдебиеттен берік орын тепті.
Қоғамдық-саяси әдебиетте әлі осы уақытқа дейін «дүниеге көзқарас» ұғымы туралы ортақ пікір жоқ. Зерттеулерде бұл ұғым туралы бір-біріне қарама-қайшы әр түрлі анықтамалар беріліп жүр. Мәселен, «дүниеге көзқарас» ұғымы мазмұны жағынан тек философиялық көзқарастарды ғана қамтымайтындығы жан-жақты дәлелденгенімен, кейбір зерттеушілер, атап айтқанда, А.С.Тонких, В.Ф.Черноваленко бұл ұғымды философияның баламасы ретінде қолданылады.
Ал Г.В. Платонов, В.С.Буянов және басқалары «дүниеге көзқарас» ұғымы өзінің мазмұнына белгілі бір идеялық ағымның әртүрлі құрамдас бөліктерімен қатар, гуманитарлық жаратылыстану ғылымдарының, революциялық - өзгертушілік іс -әрекеттің мәліметтерін жинақтайтындығын тілге тиек етеді.
Біздің пікірімізше «дүниеге көзқарас» ұғымын екі жақты мағынада: тар және кең мағынада қолданған дұрыс. Кең мағынасында «дүниеге көзқарас» ұғымы күнделікті тұрмыстық сананың өзіндік ерекше бір формалық дәрежесі ретінде жалпылама, барлық адамдарға тән құбылыс ретінде, ал, тар мағынасында дүниеге көзқарастың белгілі бір типі ретінде алып қарастырған жөн. Дүниеге көзқарастың кең мағынадағы жалпылама, күнделікті тұрмыстық дәрежесі стихиялы түрде қоршаған ортаның, өмірлік тәжірибенің ықпалымен қалыптасады. Ал, дүниеге көзқарастың қандайда болмасын белгілі бір типі, өз мүддесін білдіріп отырған таптың ойшыл өкілдерінің – идеологтардың күшімен саналы түрде бұқара көпшіліктің санасына ендіріледі.
Осы сөздің кең мағынасында дүниеге көзқарас дегеніміз – табиғи және қоғамдық өмір құбылыстарының әртүрлі жақтарын бейнелейтін нақтылы білімдердің, әлеуметтік практикамен кәдімгі күнделікті тұрмыстық – тәжірибелік пайымдаулардың айтарлықтай тұрақты, жалпылама тұжырымдарының, идеялардың ,сондай-ақ өмірлік мәні бар мақсат-мұраттардың адамдардың берік ішкі сеніміне, мінез-құлық ережесіне айналған жиынтық көрінісі.
Бұл ұғымды бұлай бөліп құрастыру ғылыми әдебиеттерде «дүниеге көзқарас» ұғымы туралы беріліп жүрген әртүрлі анықтамалар мен түсініктерді жинақтап, теориялық тұрғыдан қорытуға,белгілі бір жүйеге түсіруге септігін тигізеді.
Дүниеге көзқарас өзінше бір рухани призма тәріздес. Сол арқылы айналадағы дүниені адам қабылдайды және басынан кешіреді. Өйткені дүние туралы түсінікте адамның ішкі сезімі мен ақылына тікелей әсер ете отырып, қорытындысында белгілі бір мүдделік мақсат –мұраттардың тууына, өмірді танып білуге күш беретін идеялардың , көңіл –күйлердің қалыптасуына жағдай жасайды.Осыған байланысты, дүниеге көзқарас адамның тіршілік болмысына мінез –құлқына, дүниені тану және өзгерту қызметіне бағыт бере отырып, оның өмірінде шешуші роль атқарады. Өмірдің аса маңызды құбылыстары жайлы адамның ой – пікірін, оған деген қатынасын білдіре отырып, ол адамның рухани талаптарымен, түбірлі мақсат-мүдделерімен тығыз байланысып жатады. Адамның еңбекке,басқа адамдарға қатынасына, өмірге талпынуының сипатына, арманы мен мақсатын орындалуына әсер етеді. Олай болса, дүниеге көзқарас дүние жайлы бір жақты үстірт және жалаң пікірлердің жай ғана жиынтығы емес, керісінше,сананың рационалдық,эмоциялық және еріктік компоненттерінің құймасы, дүниені танып білудің және өзгертудің тәсілі, рухани-интелектуалдық ізденісінің мақсатты практикалық іс -әрекетімен ұштасып жатқан терең мағыналы қайнар көзі. Ол нақты құбылыс ретінде сөз бен істің бірлігі, өмір салты мен ой жүйесінің тұтастығы, білімнің, сенім мен практикалық іс -әрекеттің біте қайнасқан шоқ жұлдызы. Дүниеге көзқарас- өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған адамгершілік нормаларын, мақсат-мұраттарды, әлеуметтік құндылықтарды айқын түсініп, ұғыну. Оның басты міндеті-адамның алған білімдері мен әсерлерін белгілі бір тәртіпке келтіріп, өмірі мен іс -әрекетінің стратегиясын анықтап беру.Дүниеге көзқарастың басты мәселесі – дүниеге көзқарастың объектісі айналадағы орта мен дүние көзқарас,субьектісі – адамның өзара қарым-қатынасын білдіру.
Дүниеге көзқарас - өмір шындығын бейнелеудің еркше формасы. Ол өзінің мазмұнына қоғамдық сананың,әлеуметтік практиканың және өмірлік тәжірибенің жан – жақты талданып, дәлелденген, айтарлықтай жалпылама түйіндеулерін ғана емес , сонымен бірге адамдардың қиялында, сезімінде, еркімен іс - әрекетінде көрініс табатын субьективтік – эмоциялық және психологиялық көңіл-күйлерді де қамтиды. Алайда, осыған қарамастан, ғылыми әдебиетте бұл ұғымның құрылымын бір жақты, социологиялық, не аксиологиялық – мәнділік қасиеттер тұрғысында түсіндіру басым. Біздің пікірімізше, бұл дұрыс емес. Өйткені, дүниеге көзқарастың құрылымын біржақты түсіндіру, оның мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерімен сипаттық белгілерін жан-жақты алып, толық көрсетпейді.сондықтан дүниеге көзқарасты оның гносеологиялық – танымдық түзілісі мен социологиялық нышандары, сондай – ақ аксиологиялық – мәндік қасиеттері тұрғысында, яғни үш жақты алып қарастырған жөн.
Дүниеге көзқарастың гносеологиялық-танымдық түзілісін қоғамдық сананың әр түрлі формаларының жалпылама тұжырымдары құрайды. Осыған орай, объективті дүниені дұрыс, не теріс бейнелеуіне байланысты дүниеге көзқарас не ақиқатты (ғылыми), не жалған боямалық (ғылымға жат) сипатта болады.
Сонымен қатар, дүниеге көзқарасты тану тәсіліне қарап та анықтауға болады. Мұнда да біз жоғарыдағыдай бір-біріне кереғар әртүрлі көзқарастарға кезігеміз. Олар мыналар:
1. Дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарас;
2. Дүниеге диалектикалық-идеалистік көзқарас;
3. Дүниеге метафизикалық-материалистік көзқарас;
4. Дүниеге метафизикалық-идеалистік көзқарас.
Дүниеге көзқарасты социологиялық тұрғыдан зерттеу оны қоғамдық құбылыс ретінде талдауды, құрамындағы әлеуметтік қасиеттер мен белгілерді анықтауды қажет етеді.
Дүниеге көзқарастың әлеуметік мәні бар қасиеттерінің қатарына, ең алдымен оның таптық белгісі жатады. Осыған орай, өзінің әлеуметтік мазмұны мен бағытына, таптық белгілеріне белгілеріне байланысты дүниеге көзқарас не коммунистік, не буржуазиялық, не діни сипатта болады.
Қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктеріне сәйкес келетін-келмейтіндігіне байланысты, дүниеге көзқарас не прогресшіл, не реакцияшыл сипатта болады. Дүниеге прогресшіл көзқарасты жақтаушылар прогресті өндіріс тәсілі қорғаушы, қоғамның прогресшіл жолмен дамуын қолдаушы таптар б.т. Ал, күні өткен ескі тәртіптер мен қоғамдық қатынастарды сақтап қалуға тырысқан тап әр уақытта да дүниеге реакцияшыл көзқарасты жақтаушылар б.т. Жалпы, дүниеге реакцияшыл көзқарас ескі қоғамағ тән қасиет.
Өзінің алдына қойған әлеуметік-практикалық мақсатына байланысты дүниеге көзқарас не консервативтік, не демократиялық сипатта болады.
Дүниеге көзқарас белгілі бір мақсатқа байланысты – не оптимистік, не пессимистік, адамшыл қасиетіне қарай – не интернационалистік-гуманистік, не нәсілшілдік, ұлтшылдық, адам баласын жек көрушілік сипатта болады.
Сонымен қатар, өзінің таптық сипатына байланысты дүниеге көзқарас белгілі бір тапты идеологиясының құрамына кіреді. Дегенмен, осыған қарамастан, қоғамдық саяси әдебиетте «дүниеге көзқарас» және «идеология» ұғымдарын ауыстырып, тең мағынада пайдалану, әдетке айналып барады. Біздің пікірімізше, бұл дұрыс емес. Өйткені, бұл ұғымдардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
Біріншіден, «идеология» ұғымы «дүниеге көзқарас» ұғымына қарағанда әлде қайда кең мағыналы. Идеология қоғамның бүкіл рухани дүниесі. Ол қоғамдық сананың барлық түрлерінде өзінің қанда да болмасын көрінісін тауып отырады. Ал, дүнигеге көзқарас болса, идеологияның тек қана идеялық қызметін атқарады, оның идеялық бағытын білдіреді.
Екіншіден, Г.В.Платонов айтқандай , идеологияны құрамына саяси және праволық идеолгия, философия, мораль, өнер және т.с.с кірсе, ал дүниеге көзқарастың мазмұнын олардың жалпы тұжырымдары құрайды.
Үшіншіден, идеология мен дүниеге көзқарас өздерінің өмір сүру уақыттары бойынша да әртүрлі.
Дүниеге көзқарас – ақиқаттың тек мазмұны ғана емес, әрі оны жете түсінудің тәсілі, сол сияқты ақиқаттың сипатын анықтаушы өмір принциптері. Ол – тек білімдердің логикалық жүйесі ғана емес, сонымен бірге сенімдердің де системасы, адамдардың негізгі өмірлік мүдделерінің, мұрат-мақсаттарының жмиынтығы. Осы жөнінен алғанда, дүниеге көзқарастың адам үшін терең құндылығы бар. Демек, дүниеге көзқарасты гносеологиялық-танымдық және социологиялық нышандары тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар аксиологиялық-мәнділік тұрғысынан да талдау қажет.
Дүниеге көзқарастың бұл қасиеті әртүрлі табиғи және қоғамдық құбылыстарының мәні мен мазмұнының, адамдардың практикалық іс-әрекеті нәтижелерінің бағалық криитерийі б.т. Құндылық, бір жағынан, табиғи құбылыстар мен процестердің, заттардың, адамдардың мақсатқа сәйкес әрекетінің шеңберіне ілініп, белгілі бір әлеуметтік мазмұнға ие болуына байланысты өзінен өзі бейтарап жатқан заттар пайдаға асырылып, қажетке жаратылады, қоғамдық игіліктерге айналады. Демек, құндылық әлеуметтік практиканың нәтижесі ретінде субъект пен объектінің арасындағы байланыстан туындайды . ал мұның өзі оның табиғатын ашып көрсетуге негіз болады.
Екінші жағынан, құндылық қоғамдағы структуралық-құрылымдық элементттермен (тапар,әлеуметтік топтар, ұлттар және т.с.с.) тығыз байланысты. Яғни, бір тап игілік ретінде бағалайтын заттың келесі тап үшін құны болмауы мүмкін. Таптардың дүниеге көзқарасында ең алдымен таптың әлеуметтік позициясын бейнелейтін құбылыстар бірінші орынға қойылып дәріптеледі. Демек, дүниеге көзқарастың аксиологиялық-мәнділік қасиеттеріне оның мазмұнында елеулі рол атқаратын мұраттар мен мақсаттар, адамгершілік нормалары және т.с.с. кіреді. Өйткені олар адамдардың іс-әрекетіне бағыт бағдар бере отырып, қызметке ұмтылуға серпін туғызады.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, дүниеге көзқарасытиы үш жақты талдау, жік-жікке бөліп қарастыру, оның мәнін құрылысын, маңызды әлеуметтік белгілерін және т.с.с. жан-жақты ашып көрсетуге септігін тигізіп, ғылыми талдау барысында қолданылады. Ал, ақиқатын айтқанда, дүниеге көзқарастың мазмұны, әлеуметтік белгілері және мәнділік қасиеттері бір-бірінен ажырағысыз диалектикалық бірлікте ғана, бұл тарихи феноменнің өзіндік қайталанбас ерекше біртұтаытығын құрайды, оның ішкі құрылысын ашып көрсетеді. Осы бірлікте ғана жеке адамның санасы өзіне тән сипаттық белгілерін сақтай отырып, қоғамдық санамен, мақсат-мұраттармен ұштасып жатады. Осы бірлік қана дүниеге көзқарасты біртұтас рухани құбылыс ретінде талдауға мүмкіндік береді.
2. Оқушылардың бойына дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру
Дүниеге көзқарасты тұтас күйінде алып қарастырғанда, ең алдымен оның құрылымдық мазмұнының элементін қоғамдық сананың, әлеуметік практиканың айтарлықтай тұрақты жалпылама түйіндеулері құрайтындығын атап көрсеткен жөн. Өйткені бұл тұжырымдамад адамдардың табиғи және өмір құбылыстарына, өздеріне, басқа адамдарға қатынасы, өмірдің мәні, іс-әрекеттің сипаты, болашақ, мақсат-мұрат және т.с.с. туралы толғаныстары, ой-пікірлері және көңіл-күйлері бейнеленген.
Ал, дүниеге көзқарастың маңызды бөлігін ежелгі және шешуші мақсаттар ретінде идеялар құрайды.
Жалпы дүниеге көзқарастың құрамына кіретін әлеуметтік практиканың, өмірлік тәжірибенің және қоғамдық сананың мазмұны адам өзінің идеяларының, көзқарастарының, не түсініктерінің дұрыстығына толық көз жеткізгенде, сенгенде ғана дүниеге бір тұтас жүйелі көзқарасқа айналады.
Олай болса, дүниеге көзқарастың құрамына негізгі компоненттерінің бірі ретінде сенімдер де кіреді. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың өзегі, ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курсты, Курстық жұмыс: Психология | Жалпыұлттық мәні бар құндылықтарды меңгертудің негізгі бағыттары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін