Педагогика | Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

 Педагогика | Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Мазмұны
Кіріспе.
Негізгі бөлім: Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі.
1. Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны.
2. Сынып жетекшісінің негізгі қызметтері және оның тәрбие жұмысы.
3. Мұғалімнің басты мақсаты.
4. Мұғалімнің заман талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар.
Қорытынды.

Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.Қысқаша айтсақ, оқу еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды , икемділіктер жүйесін игеру процесі. Оқу арқылы шәкірт біртіндеп, білім, дағды, икемділіктерді тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары, ерік жігері дамиды.
Оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін біріншіден, тәрбиеші ұстаздың саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы шарт, екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі болуы қажет.
Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты жалпы адамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі етіп алу. Өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы, басқа халықтардың да тілі мен мәдениетін, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын озық мәдениетті адам қалыптастыру.
Мұғалімге қажетті қасиеттер: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, баланы шабыттандыра білу, балаға адам ретінде қадірлі болу, сабағының қызықты әрі пайдалы болуы, шығармашылық ізденісі мол болуы қажет.
1. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.
- оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдісі;
- оқыту мазмұнына ықпалды байланысты әдістер;
- танымдық ойындар;
- оқыту дискуссиясы;
- өмір ситуацияларын талдау әдісі;
- білім сапасын көтеру ситуациялары;
- білімнің қоғамдық қажеттілігін түсіндіру;
- білімді игерудің қажеттілігі әдісі;
- оқытудаға талап қою әдісі;
- оқытудаға мадақтау мен жазалау әдісі.
2. Хат жазысу ұстаз бен шәкір арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Болашақ креативті шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Практикалық бейнелеу сабақтары сандық түсініктен – сапалық түсінікке әкеледі. Көркем өнерге шығармашылыққа тәрбиелейді. Жан сезіміне әсер етіп, рухтандырады. Бұл сабақтарға: пән мұғалімі, драма жетекшісі, музыка, қол өнері мен бейнелеу өнері мұғалімдері бірдей қатысады.
Музыка мектеп өмірінде негізгі мәнге ие. Баланың ашылуына көмектеседі.
Сөйлеу мен қарым-қатынас мәдениетін үйрету. Пікірталас, баяндама жасау, реферат, шағын ғылыми жұмыстар қорғау. Әдеп сабағы да осы мақсатқа қызмет етеді. Ырғақ, дене мәдениеті, би мәдениеті сабақтары баланың денесін игере алмаудан туған сенімсіздігін жою.
//// Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.
Сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәбиелік шаралардың ықпалын үлестіру тек сынып жетекшісіне жүктеледі. Ол оқушыға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысуы керек.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және салалы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Тәрбиенің негізгі салалары ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық тағы басқа.
Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері.
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымаға жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналармен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушылардың тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелілігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.
10. Дұрыс – тәрбие балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылы «гимназиядағы сынып тәрбиешісі» қызметі Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім беру мен де айналысты. Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз оындарын таба білуіне көмектесе отыра, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Мұғалім белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әр жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін үш бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу. Оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани – адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекеті бақылау. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық (целеполагания), жоспарлау немесе жобалау (проектировать), бақылау және тзету (коррекция) енгізіп отыруды жатқызуға болады.
Нақтамалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтан отырады. Соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізеді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтан оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруға көздейді.
Сынып жетекшісі осындай жұмыстардыанықтау барысында, біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігін туғызады. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жеке тұлғаның даму поцесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастыруға маңызды буын. Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатына жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркежде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар аударған. Сол секілді В.А.Сухомлинский де «тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын ала болжамдау, онда ол қарапайым көрініске тәрбиеші – сауатсыз күтушіге, педагогика-балгерлікке айналар еді», - дейді. Сондықтан, тәрбие прцесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады. Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауда мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық әрекетінің мазмұнын анықтайды. Бүгінде сынып жетекшілері қздерінің педагогикалық ұызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол, бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса, ол екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауыстыруы да кері әсерін тигізеді. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшілері үшін де қосымша жұмыс болып табылады.
Тәрбиенің – қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәрбие мен мінез құлық нормаларына қатысты білім, білік дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн.
Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды. Сондықтан, біз мұғалімдердің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы туралы ойлар болсақ, онда мұндай педагогикалық әрекетті- тәрбие жұмысы деп атаймыз.
1. Оқушыға тікелей ықпал жасау.
- оның даму дара ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу;
- тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
- жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
- тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру.
- оқушылар ұжымын қалыптастыру;
- оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
- оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамыту;
- жағымды көңіл-күйді қалыптастыру.
3. Балалардың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?