Курстық жұмыс: Информатика | Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі

Курстық жұмыс: Информатика | Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі казакша Курстық жұмыс: Информатика | Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі на казахском языке

Мазмұны

I. Кіріспе бөлім
1. Кәсіби оқыту
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
1.2 Кәсіби оқытуды ұйымдастыру


ІI. Теориялық бөлім:
2. Есептеу және микропроцессор техника негіздері пәні
2.1 Есептеуіш техниканың даму тарихы
2.2 Ертедегі есептеу құрылғылары
2.3 Микропроцессор туралы мәлімет
2.4 Микропроцессордың түрлері

ІІI. Тәжірибелік бөлім:
3.1. Микропроцессорды орнату
3.2. Микропроцессор мен куллерді тазарту
3.3. Микропроцессордың құрылысын зерттеу ?????

IV. Қорытынды бөлім

VП. Пайдаланылған әдебиеттер......


КӘСІБИ ОҚЫТУ
Кәсіп – (профессия-латын тілінен аударғанда professio) адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
Бүгінгі заманда кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап. Адам еңбек ету іс-әрекетінде білім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет.
Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдылыарды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.
Кәсіби оқыту – педагог пен оқушының кәсібіне қатысты ғылыми техникалық жүйелерді игерудегі және де типтік кәсіби міндеттерді шешеуге қажетті біліктер мен дағдыларды меңгеруге бірігіп жасайтын қызмет.
Кәсіби тәрбиелеу – педагог пен оқушының нақты кәсіби ортада қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелдері мен нормаларын игерудегі және оқушыда кәсіби қажетті және әлеуметті маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда бірлесіп жасайтын қызмет.
Мамандық – бұл кәсіби еңбектегі тар ауқымды жұмыстарды қарастыратын кәсіби қызмет түрі.
Сонымен, кәсіп – бұл еңбектің қоғамдық бөлінісінен пайда болатын тұрақты қызмет түрі. Ол адамды материалдық қамтамассыз етудің көзі болады және жалпы адамның моральдік нормаларын сақтайды.

1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру.
Оқу процесі – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады. Оқу процесін басқару әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Білім беру нәтижесі екі тұрғыдан қарастырылады:
1. Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын өту үстіндегі адамның тұлғалық сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды. Стандарттың мазмұны әлеуметтік мәдени тәжірибенің идеалды формада сақталатынына әлбетте қол жететін көрінісі екені мәлім.
2. Білім беру нәтижесі бұл белгілі бір білім беруші жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда жастардың кәсіптік дайындығының кәсіптік шеберлігінң деңгейі, сәттіліктің кепілі бола алады.кәсіптік оқу орнында оқу процесін іске асыру педагогтың саналы іс-әрекет жасау қабілетіне байланысты. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзіреттілігінен шешіледі.
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:
• Бастауыш кәсіптік білім;
• Орта кәсіптік білім;
• Жоғары кәсіптік білім;
• Қосымша кәсіптік білім.
Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін
дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.
Кәсіптік лицей – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Оның мақсаты – азаматты жұмысшы мамандығына дайындауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы оқушылырға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін -1,5 жыл.
Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз – инженер-педагогтық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті олардың теориялық білім негіздерін, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру.

1.2 Кәсіби оқытуды ұйымдастыру
Кәсіби білім берудің негізгі ұйымдастыру формасы – сабақ. Сабақтың жалпы барысы:
1. Жалпы мәліметтер: күні, сыныбы, мектебі, жалпы мәліметтер. Оқыту бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы.
2. Оқу ортасы мен оқыту құралдарына шолу. Кабинетті жабдықтау, оның мұғалім мен оқушыға ыңғайлылығы, жабдықтау құралы. Оқыту құралдарының күйі.
3. Компьютермен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздігін, санитарлы-гигиеналық нормаларын сақтау.
4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына кететін уақыт шығыны. Белгілі бір сабаққа материалының дайын болуы. Қолданылатын көрнекілердің сабақ тақырыбына сәйкестігі, қолдану моменті, материалының мазмұны, нұсқалар, сұрақтар кезеңі, әдістері.
5. Сабақ құрылымы: сабақтың негізгі кезеңдері, мақсаты және ұзақтылығы ұстаздың басқару жұмысын тіркестіру. Жеке, жұптық, топпен және сыныппен бірлесіп жұмыс істеу. Материалды қайталау және бекіту кезеңі, әдістері.
6. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаты, оның жетістіктері.
7. Сабақ мазмұнын, мектап оқулығының материалымен салыстыру.
8. Жалпы дидактикалық принциптер көзқарасынан сабақ мазмұнына баға беру.
Ғылымилық информатика сабағында жаңа жетістіктерді есепке алу және т.б.
Көрнекілік-графикалық ақпаратты қолдану алгоритмдердің орындалу кестесі және т.б.
Тізбектілік – түсіндірілетін материалдың логикалық көрнекі болуы түсіндіруде материалды қалдырмау күрделі түсініктерді оқығанда циклдің болуы.
Практикамен байланысы компьютермен және ақпараттық қоғамның талаптарына сай қолданбалы есептердің мазмұнын сәйкестендіру.
1. Мұғалімнің сабақтағы әрекет тәсілдері. Оқушыларды сабақты дайындау құралдарына және сабақ басында есептеу техникасын дайындауға кірістіру. Мұғалімнің материалды қолдануындағы еркіндігі. Негізгі сұрақтарға жауауп қайтару кезеңі. Оқытуды жекешелендірудің тапсырмалардың түрлі деңгейі, білімі мықт ыоқушылардың нашар оқитын оқушыларға көмек беруі. Мұғалімнің оқушылар зейінін ауып кетпеуін қадағалау әдістері. Тақтадағы программадағы есептеу қателерін табу кезіндегі іс-әрекеті.
2. Материалға қызығушылықты бекіту әдістері. Оқушылардың танып білу қабілеттерін ынталандыру. Тапсырманы беру кездері: оқулықтан, басқа әдебиеттерден, мұғалімнің сабақ барысында ойлап табуы оқушыларды іздендіру, сабақтағы басқа белгісіз және стандартты емес оқыту әдістері.
3. Оқушылардың сабақта жұмыс істеуі. Оқушылардың материалға оқушылардың қызығушылығы белсеңділігі және өз бетімен жұмыс істеу. Саналы түрде меңгеру ЭЕМ-дегі әрекет қызметінің мағынасын меңгеру. Оқытудың тиімділігі оқыту уақытының толықтығы. Оқытушының және оқушылардың қарым-қатынасы, тәрбиесі және ұйымдасуы есептеу техникасына қатынасы қауіпсіздік техникасын сақтау.
4. Кері байланыс мұғалімнің білімін бақылау жүйесі. Білімін тексеру үшін компьютерді қолдану бақылаушы бағдарламасы білімді бағалау объектілігі белгілі мұғалімнің баға критерийлері үй жұмысын бағалау.
5. Сабақтың тәрбиелік эффектісі. Мұғалім тұлғасының ерекшеліктері оқушыларға бағыттаушы ретінде сіздің көзіңізге көрінген тәрбиелеу әдістері және тәсілдері.
6. Қорытынды. Сіз болашақ мұғалім ретінде осы сабаққа және талдауда нені үйрендіңіз
Есептеу және микропроцессор техника негіздері пәні
"Информатика және есептеуіш техника негіздері" пәніп мектепке енгізу
Сонымен мектептерді компьютерлендіру саласындағы нақты ұйымдасқан әдістемелік шараларды талқылауға «жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағыттары» тірек болды (1984 ж.) [64]. Сол уақыттағы мектеп реформасының басты бір жағдайы, ол алғашқы рет декларацияланған информатика және есептеу техникасын мектептің оқу- тәрбие процесіне енгізу және жастарды жалпы компьютерлік сауаттыльщпен қамтамасыз ету мәселесі болды. 1984 жылдың соңында Кеңес Социалистік Республикалар Одағының Ғылым Академиясының Сібір бөлімінің Есептеу орталығы (А.П.Ершов) және Кеңес Социалистік Республикалар Одағы ПҒА оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтыньщ (В.М.Монахов) бірігуімен және еліміздің түкпір-түкпіріндегі педагог-информатиктердің тобын жұмылдыра
отырып, жалпы білім беретін мектепте «Информатика және
есептеуіш техника негіздері» деп аталатын жалпы білім берудегі
жаңа пәннің бағдарламасын жасау жұмысы өріс алды. 1985
жылдың ортасында осындай жұмыс орындалды және Кеңес
Социалистік Республикалар Одағыньщ Оқу-ағарту
министрлігімен мақұлданды [67]. Ұкіметтің келесі шешімдерімен
жастардың компьютерлік сауаттылығының қалыптасуы
мәселесін тез шешуге мұмкіндік беретін негізгі стратегиялық жол
ретінде орта мектепке «Информатика және есептеуіш техника
негіздері» пәнін міндетті тұрде енгізудің нақгы мерзімі - 1985
жылдың 1 қыркұйегі болып қабылданды. Бағдарламадан кейін қысқа мерзім ішінде оқушыларға арналған оқулықгар [65, 66],
мұғалімдерге арналған көмекші құралдар дайындалды [27,28].
Мемлекеттің мектепті компьютерлендіру мәселесіне ұлкен көңіл
аударғанына «Информатика и образование (ИНФО)» деп
аталатын жаңа ғылыми-әдістемелік журнал баспасының пайда
болуы куә болады, бұл журналдың бірінші саны 1986-1987 оқу
жылында шықты. Қазіргі кездегі Ресейдегі әкономикалық
қиындықтарға қарамастан ИНФО бұгінгі кұнге дейін қазіргі білім
беру жұйесі ұшін маңызы ерекше, информатика мен ақпараттык;
технологияларды білім беру ауқымына ендіру ұшін қажетті
әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық,
әлеуметтік-әкономикалық, психология-педагогикалық мәселелерді түсіндіретін арнайы ғылыми-әдістемелік журнал болып отыр.
Ал Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім Министрлігінің ғылыми-әдістемелік педагогтік «Қазақстан мектебі» журналының «Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре бастады.
Жаңа пәнді оқыту ұшін 1985 және 1986 жылдардың жаз айларьшда мұғалімдерді жедел дайындау курстары өткізілді, олардың қатарында негізінен физика, математика мұғалімдері мен білім беруді ұйымдастырушылар болды. Бұл құрам 1985— 1986 жылдардағы физика - математика факультетгерінің тұлектерімен, яғни информатика және есептеу техникасы саласындағы болашақ жас мұғалімдермен толықтырьшды. Сол кезде Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Оқу министрлігінің шешімімен педагогикалық институттардың физика-математика факультеттерінің негізінде информатика және есептеу техникасы пәніне жұйелі тұрде мұғалімдер дайындауды ұйымдастырудың бірлескен әдістемелік шаралары қабылданды [47,48].
1985 жылдан бастап физика-математика факультетінің қызметі халыққа білім беру мен халық шаруашылығына жоғары мамандандандырьшған мамандар: математика мен информатика мұғалімдерін; физика-математика ғылымы және орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика мен информатиканың кейбір тарауларынан сабақ беру әдістемесі салаларынан гылыми қызметкерлер дайындауға бағытталды. Осыған орай 1985-1987 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының қызметкерлері республикадағы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты мектеп курсының мазмұны мен одан сабақ беру әдістемесін қалыптастыруга ат салысты.
1985 жылдан бастап Қазақстандағы мұғалімдер дайындайтын қара шаңырақ Абай атындағы АлМУ-да «Математика және информатика», «Физика ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Информатика курстық жұмыстар, Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі, курстык Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобала, Курстық жұмыс: Информатика | Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін