Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын психологиялық шарттары

 Психология | Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын психологиялық шарттары

Кіріспе.
Мәселенің өзектілігі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылыықтар пайда болады,олай дамытудың қозғаушы күші де,қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық сі-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылығымен сипатталады. Практик мұғалімдер қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.олар бұл қарама-қайшылықтарды білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Қарама-қайшылықтар оқу процесінде обьективті түрде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын басты қозғаушы күш. Қарама-қайшылықтың,қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзіндік санасындағы ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.сонымен қатар қарама-қайшылықтарды танымдық қызығумен байланыстырған бірнеше ғалымдар,психологтарболды: Л.Божович,Б.Теплова,Н.Морозова,Л.Славина және тағы басқалары. Қарама –қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып білуіне,өзінің тұлғалық қасиеттерін іске асыруына,өзін-өзі тануына көмектесуде. Сондықтанда ұжымда мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды,кедкергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады. Оқушылардың басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу-тәрбие процесінде және ұжымда,тағы басқаларда жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Оқушылардың өзіндік қарама-қайшылықтарын-оқушыларды танымдық бірлестіктерге,іс-әрекеттерге үйрету арқылы,оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының жақсы болуы негізінде құрбыларымен қарым-қатынас жасау арқылы шешуге болады. Сонымен қатар оқушының өзін-өзі бағалауы мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы мен оның толыққанды дамуы өзара әрекеттестікте болуы қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субьекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі-оқушылардың қарым-қатынасы,өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің фономені психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық-танымдық іс-әрекет деп түсіндіріледі. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда пронтальды жұмыс ұғымымен қатар қалды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар жасалатын қарым-қатынастың зерттелінетін объектілері тұрғысындағы әр түрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні – мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесінде ұжымды ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мәселесәмен теориялық әдіс-тәсілдерді Н.К.Крупская еңбектерінде, П.П.Блонский, А.С.Макаренко ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін де қарастырған. Американдық психолог әрі социологы Дж.Морено топ арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін социометрия әдісін ұсынған. Осы әдіс арқылы ұжымдық қарым-қатынасты зерттеп отырған.
Ұжымдық таным іс-әрекет зерттеу мәселесінде көптеген педагог-психологтардың еңбектерінде Л.В.Занков, А.Ғ.Қазмағамбетов, Л.К.Керімов, Д.Б.Эльконин, Б.И.Мұқанов, С.А.Ұзақбаева, А.Б.Нұрлыбекова, О.С.Сыздықов т.б. зерттелінген.
Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын психологиялық шарттарды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1) Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
2) Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырудың моделін құру.
3) Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастырудың нақты жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын педагогикалық-психологиялық шарттар жиынтығы.
Зерттеу объектісі: № 49 Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері.
Зерттеудің методологиялық негізі: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу; ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; оқушылардың ұжымдық жұмыстарын бақылау; оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушы қарым-қатынасын зерттеу, оқушылармен, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу, алдыңғы қатарлы психолоялық тәжірибелерді психологиялық тұрғыда саралау, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және психология тиімділігін эксперимент арқылы тексеру, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мәліметтерін сараптап қорытындылау.
Зерттеу болжамы: Егер оқу процесінің әр кезеңдерінде оқушылардың ұжымдық танымын ұйымдастыру негізінде ғылыми-педагогикалық, психологиялық, жан-жақты тұлғалық негізде, бағдар бойынша талдау жасалып ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерінің негізінде білім деңгейі көтеріліп, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы, шығармашылығы мен ізденімпаздығы артып қалыптасады.
І. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері.
Біз тақырыпты толық ашу үшін алдымен барлығына толық тоқталайық:
Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі – ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз – топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т.б.
Таным теориясы (гнесология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибенегізінде жүзеге асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теориялар құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Оқушылардың ұжымдық таным қызметін іске асыру үшін, оған оқушының оқуға деген қабілетін білген жөн.
Қабілет – баланың бір нәрсеге деген құштарлығы арқылы ашылады. Қабілетсіз бала жоқ. Қабілеттілік нышан арқылы білінеді.
Баланы ұжымда сыныпта оқытудың ерекшеліктері:
- тұрақты оқушылар тобы;
- әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;
- сабақтың мазмұнын сыныпта қабылдау.
Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.
Ұжымдарды ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:
- әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;
- математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;
- оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.
Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктілеу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көзқарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды.
Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады.
Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі