Көрші туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 37
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 38
Нақыл сөздер: 6
Құттықтау, тілектер: 5
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 1

Көршілестің тауығы біреуге қаз боп көрінеді.
Әбігер көршің – бәрібір көршің.
Көршімен татудың көңілі тыныш.
Жаман көрші:
Ұрыс пен керіс.
Жақсы көрші:
Ауыс пен беріс.
Қожамен көрші болсаң:
«Бер-бер» дейді
Шебермен көрші болсаң:
«Көр-көр» дейді.
Көршің қолайлы болса, қораң кең.
Қолының ебі бардың —
Көршілеріне себі бар.
Ескі көшеде
Ежелгі көршілер тұрады.
Жақсы көрші тапқаның
Мол олжаға батқаның.
Атың жаман болса,
Сатып құтыларсың,
Көршің жаман болса,
Қайтіп құтыларсың?
Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.
Көрші көршімен
Базарда көрісер.
Үйінде не барын,
Көршіңнен сұра.
Отты үрлей берсең, өшіресің,
Көршіні күндей берсең, көшіресің.
Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.
Әйелінен сескенген
Ауылдасына шай іш демейді.
Жақынның жаманын мақтама,
Көршіңнің ала жібін аттама.
Итің жақсы болса — ырысың,
Көршің жақсы болса — тынысың.