Ғылым туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 8
Өлеңдер: 50
Нақыл сөздер: 115
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 3
Эсселер: 3

Даналық - ғылымның бастауы.
©  Цицерон
Ғылым - капитан, іс-тәжірбие- жауынгерлер.
©  Леонардо да Винчи
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.
©  Сырым Датұлы
Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.
©  Мағжан Жұмабаев
Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан —..
©  Фрэнсис Бэкон
Ғылымды танып – білуде ережеден мысал пайдалырақ.
©  Исаак Ньютон
Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек.
©  Аристотель
Ғылымның ісі – адамға қызмет ету.
©  Лев Толстой
Адамдар қалай сөйлеудi үйренедi, ал ең басты ғылым — қалай және қашан үндемеудi бiлу.
©  Лев Толстой
...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
©  Абай Құнанбаев
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
©  Абай Құнанбаев
Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
©  Абай Құнанбаев
Кітап ғылым — тілсіз мұғалім.
Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл.
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ғылым — жанып тұрған шырақ.
Ғалыммен жақын болсаң,
Қолың жетер.
Залыммен жақын болсаң,
Басың кетер.
Ғылым гауһар —
Бағасы жоқ,
Надандық кесел —
Дауасы жоқ.
Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.
Ғылым - теңіз, білім - қайық.
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.