Сия туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 12
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 11
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 3

Қара сия—атақ-данқ пен үлкен мәртебені білдіреді.
©  Түс жору
СИЯДАН ҚҰРҒАМАЙДЫ ҚАЛАМ БҮГІН
Тағдыры жатса да егіз азаппенен,Қашан да қайсар халық,Қазақ деген!Белгісі қайсарлықтыңМықтылықта,Тамыры мықтылықтың ғажап терең!Ғасырлар, Атамзаман..
©  Марфуға Айтқожина
Сиям менің кейде қара, кейде қызыл, кейде көк...
Сиям менің кейде қара, кейде қызыл, кейде көк,Сол сияны күтіп жатқан қағазым да үйде көп.Ойлар-ойлар түйдек-түйдек келіп қалса кимелеп,Қара сия..
©  Ақылбек Шаяхмет
СИЯ
Сия – көктің нұры маТұратын жауып көктен,Əлде бұлттың сүті меТүсірген сауып көктем.Əлде құдық суы маТүйеден ауып кеткен?!Сия – ғарыш тасы ма,Түсті ме..
©  Ақылбек Шаяхмет
КIМНIҢ ҚАТЕСI?
– Мына сия көк пе?– Көк.– Мына қарындаш көк пе?– Көк.– Аспан көк пе?– Көк.– Шөп көк пе?– Көк.– Жоқ!– Неге онда «көк» дейдi,Көк жапырақ..
©  Ескен Елубаев
Сия-сауыт запыранға толып тұр...
Сия-сауыт запыранға толып тұр. О, Тəңірім, зарықтырма, зорықтыр! Алдыменен, сен тыңдайтын күнəні, Жазайын ба, жазбайын ба, соны ұқтыр.Заманыңның..
©  Бақыт Беделханұлы
Қара сия
 Қара сия осы үйдің кітап шкафында қашанда ешкім қол жетпейтін, бөлек орында тұрады. Аса құндылығы асқаннан емес. Бұл құрғыр, байқамай аңдаусызда..
©  Өріс Яшүкірқызы
Ақ сия-ай
Тіл – бұлбұл, көңіл – бақша, ой – тас қорған,Жігітке қиын екен ғашық болған-ай.Ой, ақ сия-ай,Ақ сұңқар,Екі-ай бала-ай.Сыртыңнан дидарыңа болдым..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сия сауыттың паспорты
(Ә. Тәжібаевтың 50 жасқа толғанмерекесінде оқылған өлең)Шыңдарын аялаған аспан сүйіп,Оралдың таулары бар асқан биік.Жасаған шебер қолдар сол..
©  Сырбай Мәуленов
Біржанға хат
Мінсе берік, шапса жүйрік қазан атым,Құлақ сал «Телқоңырға» жамағатым.Баласы Қожағұлдың Біржан салға,Жіберген хат пен қалам, аманатым.Мінуші ем..
©  Біржан сал
1954 жыл
КІРІСПЕҰлы адам! Енді қалам, сыяменен,Қуат ап құдіретіңнен құям өлең.Кеудемнен көтерілді дауылды күшӨзің боп ойы биік, қыялы өрен.Қорқыттың әм..
©  Ғафу Қайырбеков
Партия хақында
Сөзіне (жүзіне) ақ қағаздың тартып қалам,Сөйлеген хихаясын барша ғалам.Болса да аспан - қағаз, дария - сия,Болмайды сөз аяғы түгел тамам!Көшпелі..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Байдалының Исасына
Қолыма қағаз, сия, қалам алдым,Алданып сұм жалғанға жолдан қалдым.Қосылған көптің басы жер болған соң,Жәрмеңке-Баянаула - соған бардым.Саудам жоқ..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге
Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге,Жабырқап жабы малдай жүрген кезде.Қолына қалам, қағаз алғаннан соң,Толғанып кірді Мәшһүр сөйлер сөзге.Жөнелді..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Святкиде
I
— Не деп жазайын? - деді де Егор қаламын сияға малды.
Василиса қызын көрмегеніне төрт жыл болған. Ефимья дейтін қызы ерте тұрмыс құрған соң..
©  Антон Чехов
Құрметті Шәйбай туысқаным!
Сөзінде тұрмады деп өкпелей көрмеңіз, түгел жазып беруге уақыт болмағандығын жазылған қағаз, қалам, қара сия формасынан да аңғарарсыз. Және оразадағы..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Құдығымды қапқа салып,
Бірге өзіммен жүрем алып.
Сәйгүлігім әлсін-әлсін
Су ішеді аузын малып.

Жауабы: Сиясауыт
Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.

Жауабы: Сия
Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан.

Жауабы: Сиясауыт
Басқа жазушылар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.
©  Бауыржан Момышұлы
Бар ойыңды жиямын,
Ақ қағазға құямын.
Бір кісі он әскермен жүреді ылғи,
Әскері мұздан бөрік киеді ылғи.
Кісі отырып, әскері қызмет қып,
Еңбегі иесіне тиеді ылғи.

жауабы - Он саусақ..
Он қойым өміріме болады азық,
Инемен суарамын құдық қазып,
Жатсам да, тұрсам-дағы өз қасымда,
Өзімнен көрген емес кейін қалып.

жауабы - Он..
Зерек бала қолданса,
Көңлі тояр.
Жалқау бала қолданса,
Қол-аяғын бояр.
Ағартуға жоқ,
Қарайтуға әйдік-ақ.