Кебіс туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 5
Жұмбақтар: 5
Өлеңдер: 3
Әңгімелер: 2

Бір қазақ «Мерс» мінсе,Жүз қазақ кебіс киеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бір кебісімді түн алып қалды...
Бір кебісімді түн алып қалды,Шолпанға ұқсап кеттім мен.Пенделер қылар күнәні ұққан-ды,Періште ай, сырын көкке ілген.Сыңар кебіспен сытылып..
©  Жанат Әскербекқызы
Түсінде калош, бәтеңке, етік, кебіс көрсе—қатыны талақ болар.
©  Түс жору
Әйел кебісі—сәл-пәл қорқыныш.
©  Түс жору
Келешегім ертеңгі – жұлығы жоқ кебісім...
Келешегім ертеңгі – жұлығы жоқ кебісім, Мендегінің бәрі бос... Сендегінің тегі шын.Таңға жақын көрген түс аян болар деуші еді, Ертегіңнің күшімен..
©  Сұраған Рахметұлы
КЕБІС
Етікшінің көбінен көңлі қалып,көкем қолға ешкі ішек домбыра алып,Құдай атын қуә ғып, тәңір атынымырт шақта әркімге шағынатын.Бір кебісі симай ғап,бір..
©  Жұмекен Нәжімеденов
Он жетінші галош
Кебістің де кебісі бар. Бірақ нақ мынандай біреуіне екі аяқ бірдей сыятын кебісті Құрымбектің көргені бар ма еді. Ұқыпсыз балықшының күзді күнгі..
©  Балғабек Қыдырбекұлы
Қожанасырдың бір кебісі суға кеткенде
Жол жүріп бара жатқан Қожанасыр бір сарқырап ағып жатқан ағысы тез үлкен арыққа тап болады. Көпірі болмағандықтан арықтан аттап өте бергенде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Барады, барады,
Аузын ашып қалады.

Жауабы: Кебіс
Аузы аңқайып қалады,
Босағада тұрады.

Жауабы: Кебіс
Ерте тұрдым, керек қылдым,
Қажетімді өтеп алып,
Босағаға тастадым.

Жауабы: Галош, кебіс
Жүгіріп өтті,
Кебісін тасқа сыдырып өтті.
Кебісіңнің кетілгеніне де мені кінәлаймысың.
Су кешпей кебісіңді шешпе.
Тегіс жерде кебіс мүдірмейді.
Судан ғайып,
Әжемде бар
Қос қайық.

жауабы
Кебіс
Аузы бар, тісі жоқ,
Ештеңемен ісі жоқ.
Аяққа ілсең жүреді,
Өздігінен күші жоқ.