Жануарлар туралы ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 7
Тақпақтар: 41
Өлеңдер: 19
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 1
Туындылар: 1
Ертегілер: 34
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 2
Түлкі, тасбақа және кене туралы ертегісі
Терең орман ішінде Үш дос болыпты: Темірлан (Тимоша) атты тасбақа, Леся деген түлкі және Қарашаш деген кене. Олар ең жақсы достар болды және әрқашан..
Құндыз
Өзі бір тамаша аң,Құндыз тым көрікті.Атамдар жараса,Киеді бөрікті.Терісі сұр аңныңМінезі ғажайып.Тұқымы бұл аңныңБарады азайып.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қарақал
Құйрық пен құлағы,Ұқсайды мысыққа.Орманда – тұрағы,Мысықтан пысық та.Түрі де біртүрлі,Ілбістен аумайды,Қоянды, түлкініАзыққа жалмайды.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Құну
Түріне қарасаң,Құну бір тамаша аң.Терісі жарасар,Оған кім таласар?Жай кезде жайдары,Мінезі біртоға.Секіріп ойнайды,Ағашқа, шыршаға.Жауынан..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қарақұйрық
Кең дала – мекені,Тым аңқау аң өзі.Жай іздеп кетеді,Ашырқап өзегі.Су іздеп суатқа,Барғанда сақтанар.Аңқау аң бірақ таҚорқауға тап болар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қабылан
Жүйрік-ақ қашқанда,Білсеңіз қай бұл аң?Ұқсамас басқа аңға,Жыртқыш аң қабылан.Құтырып кетеді,Ашылса араны.Аямас таутекені,Жеп қояр маралды.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Қабан
Қабандар қорсылдап,Жер қазды тұмсықпен.Қашты, əне, борсаңдап,Қай жыртқыш үркіткен?Қашқанда талтаңдап,Жаулары жетпейді.Торайлар томпаңдап,Жанынан..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Күзен
Көрдік біз күзенді,Бір қызық тіршілік.Ұядан жүз шығып,Жүреді жүз кіріп.Жаутаңдап қарайды,Көздері дөңгелек.Бізді дос санайды,Оған да жем керек.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Киік
Киікті пір тұтып,Өсірген қазақтар.Қорқытып, үркітіп,Кей аңшы азаптар.Киелі тағылар,Жазықсыз жануарМөлдіреп жанары,Азайып барады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Лама
Өркеші жоқ оның,Ұқсайды түйеге,Маң басып жүреді,Жапырақты сүйеді.Америка тұрағы,Зообақтан табылар.Қалқайған құлағыМомақан жануар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Маймыл
Секірер секеңдеп,Ағаштан ағашқа.Жерге ұшып кетем деп,Қорықпайды-ау ол онша.Мұрыны шұнтиып,Қалқайып құлағы,Шаршаса үрпиіп,Ойланып тұрады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Мүйізтұмсық
Тұмсығында мүйізі,Мүйізіндей бұқаның.Сирағы үлкен, ірі өзі,Терісі оның тым қалың.Күні бойы ормандаБалпаң басып жортады,Бір қатер тап..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Кірпі
Көп аңдар сақтанып,Кірпіге тимейді.Тиіссе тап беріп,Инесін түйрейді.Жайымен жорғалап,Далада жортады.Сақтанып, қорғанып,Түлкі де қорқады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Зебра
Тең келер құр атпен,Қараала «шапаны».Тарпыса тұяқпенЖауы өліп жатады.Ерекше сəні бар,Шалғында жайылар.Жылқыдай жалы бар,Жүйрік бір жануар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Ондатр
Терісі бағалы,Ондатр көрікті.Адамдар жағаны,Киеді бөрікті.Өзі бір аңқау аң,Өзенде жүзеді.Көбіне байқамай,Ауға кеп түседі.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Піл
Піл неткен алып ед,Маң басып келеді.Өйткені ол əлі менКүшіне сенеді.Жүргенде сабылып,(Озбырлау көп қой аң),Арыстандар жабылып,Пілді де жеп қояр.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Жолбарыс
Жолбарыс паңдықпен,Жортумен келеді.Кездессе аң біткен,Табанда өледі.Тап-тарғыл терісіӨзіне жарасар.Аңдардың «серісі»Арыстанмен таласар.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Панда
Сүп-сүйкімді пандаҰқсайды қай аңға?Табыңдаршы, балалар,Жүлде аласың сонда.Ұқсайтын қоңыр аюға,Азияның тауындаБамбукпен қоректенетінЖабайы аң ғой..
© Нұртан Төлепбергенұлы
Елік
Еліктің лағыОянар ертерек.Үрпиіп құлағы,Емеді еркелеп.Жаз бойы жан сақтай,Жайылар көгалда.Қыс болса жем таппай,Ашырқар, обал да...
© Нұртан Төлепбергенұлы
Динго
Қаңғырып жүредіЖабайы ит Динго да.Əупілдеп үреді,Мекені – ен дала.Қасқырдан аумайды,Күндіз - түн жортады.Ол да аң аулайды,Аюдан қорқады.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Сусар
Көздері моншақтай,Сусардың сұлуы-ай,Тұмсығы талпақтау,Құйрығы ұзын-ай!Орманға барғанда,Мұндай аң көрмеп ек,Жатырқап қалған ба,Қашты, əне, өрмелеп.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Суыр
Суыр да шықты əне,Серуенге бүгін де.Тап болса дұшпаны,Зып берер ініне.Жайылар шаршамай,Інінен ұзап та,Түседі байқамайҚақпанға, тұзаққа.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Сабаншы
Орманда тұрағы,Қызық аң сабаншы.Бұртиып тұрады,Өкпелі балаша.Ағашты паналап,Жайлы орын таңдайды,Жүні бар сабалақ,Қыста да тоңбайды.
© Нұртан Төлепбергенұлы
Горилла
Маймылдың ішіндеГорилла мықтысы.Қап-қалың «ішігі»,Ірісі, күштісі.Балалар, зообақтанКөрсеңдер жаутаңдап,Қуанып шарбақтаЖүгірер талтаңдап.
© Нұртан Төлепбергенұлы