Зебра туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 4
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Зебра
Тең келер құр атпен,Қараала «шапаны».Тарпыса тұяқпенЖауы өліп жатады.Ерекше сəні бар,Шалғында жайылар.Жылқыдай жалы бар,Жүйрік бір жануар.
©  Нұртан Төлепбергенұлы
ЗЕБРА
— Менде кітап бар, міне,Қане, бері жақында...— Оқыңызшы әңгімеМатростар хақында.
©  Ертай Ашықбаев
ЗЕБР
Таңаш көрiп зебрдi,Таңырқады, ұнатты:– Матростың жейдесiнКиiп алған сияқты...
©  Ескен Елубаев
Жануарлар
Шауып келді зебрГепард келді шегір,Қыздырады бидіЖануарлар не бір!Горилланың көжекМұрынынан көздеп,Шертіп-шертіп қойсаҚақты безек-безек.
©  Баянғали Әлімжанов