Тіл туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 17
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Тілі тәтті - көңілі қатты.
Адамға - тілінен, сиырға мүйізінен.
Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.
Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.
Сөз шыңды табар.
Сөз асылы мақал.
Сөз түбін сөз табар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Сөзге сөз келгенде,
Сөйлемесе атасы өледі.
Өлең — алтын,
Сөз — күміс.
Сөз жіп, созсаң кете береді.
Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір.
Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.
Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйгі алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Тіл қаруы — сөз,
Сөз қаруы — ой.
Соймаса қан шықпайды,
Құр тілден май шықпайды.
Адам тілі тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.
Тілге шешен, күшке мешел.
Сүйрендеген жаман тіл,
Сүйгеніңнен айырар.