Астана туралы ✍️
Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 5
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 129
Өлеңдер: 161
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 3
Құттықтау, тілектер: 66
Әңгімелер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 16
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 14
Астанаммен мақтанам
Астанаммен мақтанам, Еліміздің жүрегі. Өзің жайлы Астанам, Бүкіл әлем біледі.
© Астана күні
Көңілде мұң болмасын!
Жадырай түс Астанам, Көңілде мұң болмасын! Жасай берші Астанам, Жаратқаным қолдасын!
© Астана күні
Жарқырай түс, жайнай түс
Бас қаламыз Астанам, Жарқырай түс, жайнай түс. Елді бастап тек алға, Ынтымақты жалғай түс!
© Астана күні
Бақытты күн тербесін
Бақытты күн тербесін, Астанамның әр күнін. Құтты болсын туған күн, Артсын дәйім шаттығың!
© Астана күні
Еліміздің жүрегі
Еліміздің жүрегі, Жасай берші Астанам. Көркің баурап алатын, Жарқырай түс бас қалам!
© Астана күні
Құтты болсын туған күн
Құтты болсын туған күн, Ел ордасы Астанам. Ғимараттар ғажайып, Мен өзіңмен мақтанам.
© Астана күні
Астанам сен жасай бер
Астанам сен жасай бер, Жарқыратып күн, айды. Сенің барың Астанам, Шаттығымды құрайды.
© Астана күні
Астанам сен бас қалам
Астанам сен бас қалам, Жаныма дем беретін. Құтты болсын мерекең, Жылына бір келетін.
© Астана күні
Астананың күнінде
Астананың күнінде, Жарқырайық, жайнайық. Астана деп ән салып, Бұлбұл құстай сайрайық!
© Астана күні
Жарқырай бер Астанам
Алға бастап елімді, Жарқырай бер Астанам. Еліміздің жүрегі, Бір өзіңсің Бас қалам!
© Астана күні
Астана деп ән салам
Ақ ордамыз Астана, Астана деп ән салам. Лондон болсын, Парижден, Сен артықсың басқадан.
© Астана күні
Астанамыз жас қала
Астанамыз жас қала, Бой көтерген жаңаша. Еліміздің жүрегі, Астанамыз бас қала!
© Астана күні
Елді алға бастайтын
Елді алға бастайтын, Астанамыз Ақ орда. Тірегі сен Елімнің, Болып келген бақ орда.
© Астана күні
Астананың ақ таңы
Шуақ шашар нұрлана, Астананың ақ таңы. Ғимараттар ғажайып, Еліміздің мақтаны...
© Астана күні
Астанамыз ерекше
Астанамыз ерекше, Жанға қуат беретін. Жарқыраған бас қала, Елім жақсы көретін.
© Астана күні
Астанамыз ғажайып
Астанамыз ғажайып, Ерекше күй сыйлайтын. Бар жақсыны қасына, Қызықтырып жинайтын.
© Астана күні
Астананың барында
Астананың барында, Жана түсер бағымыз. Ынтымақ пен бірлікте, Сәтті атар таңымыз!
© Астана күні
Астанамыз жас қала
Астанамыз — жас қала, Астанасы Қазақтың. Өзіңменен Астана, Жалғасуда ғажап күн!
© Астана күні
Астана сен бас қалам
Астанам сен бас қалам, Еліміздің жүрегі. Астанасын Қазақтың, Бүкіл әлем біледі.
© Астана күні
Астана 6 шілде бүгінгі туылған күнің құтты болсын! (сурет, фото)
Астанам, 6 шілде бүгінгі туылған күнің құтты болсын! Әрбір күнің шуақты, әрбір айың қуатты, әрбір жылың нұрлы да жарқын болсын! Сенің туған күніңде..
© Астана күні
Жарқырай түс Астанам, жайнай берші (сурет, фото)
Жарқырай түс Астанам, жайнай берші, туған күнің бүгінгі құтты болсын! Әрбір күнің шуақты, нұрлы болып, Астананың әр күні күшті болсын! Көңілдерің..
© Астана күні
Астананың күнінде (сурет, фото)
Астананың күнінде әр қазағым жайнасын, Гүлді жайнап бағыңда, бұлбұл құстар сайрасын! Арайлы атар таңымыз шуақ шашсын әрдайым, Астананың күнінде..
© Астана күні
Астанамыз бас қалам, жасай берші Астанам! (сурет, фото)
Астанамыз бас қалам, жасай берші Астанам! Бүгінгі туылған күнің құтты болсын! Әрбір күнің шуақты болсын! Жаздай жайнап, көктемдей құлпыра бер! Алтын..
© Астана күні
Құтты болсын мерекең гүл Астанам (сурет, фото)
Құтты болсын мерекең гүл Астанам, Туған күнің бүгінгі келіп жеткен! Жарқырай бер, жайнай бер сен Астанам, Баурап алар күнің көп боп көңілді еткен!
© Астана күні
Құтты болсын туған күнің бүгінгі (сурет, фото)
Құтты болсын туған күнің бүгінгі, Жас баладай еркелеген Астанам! Жаратқаным жар боп әркез өзіңе, Алға бассын әрбір ісің бастаған!
© Астана күні