Барлығы

Сыпайы қонақ сыйыңды жейді,
Мылжың қонақ мыйыңды жейді.
Сыйларға асың болмаса,
Сыйпарға тілің болсын.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
Итті қонақ жараспас.
Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін.
Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.
Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар.
Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.
От жағылмаған үй — қора,
Кісі келмеген үй — мола.
Жолаушыны сусындатпай тұрып,
Бұйымтайын сұрама.
Жаман үйдің қонағы билейді.
Тоқ қонақты сыйлау оңай.
Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.
Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
Сыйлы қонақ босағада отырмайды.
Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.
Сыпайының итіне кет дегенің — өзіне кет дегенің.
Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.
Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.
Жолаушының азығы жолында.
Қонағын сыйласа төрге шық дейді.
Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың.
Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт.