Ел туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 496
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 595
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 132
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 5
Әңгімелер: 37
Ертегілер: 3
Поэмалар: 6
Шығармалар: 14
Аңыздар: 1
Эсселер: 13

Көп ел - сарқылмас көл.
Көп ісінде береке.
Көп қайда болса - құдай сонда.
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.
Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
Ерді ел туғызады.
Ердің ісі ел мойнында, елдің ісі ер мойнында.
Ер ақылы – бір алтын, ел ақылы – жүз алтын.
Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ.
Ер бір өледі, ез мың өледі.
Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
Егемен елдің еңсесі биік.
Ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік.
Өзегінен айырылған ел өледі
Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман
Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
Егеменді ел көрікті,
Бетегелі бел көрікті.
Алтын деген жер сыйы,
Алғыс деген ел сыйы.
Азат елдің аспаны ашық.
Шөлмен жүрсең, жолмен жүр:
Жол бұлақты көлге апарады,
Көл қонысты елге апарады.
Дау мен жау — ерге сын,
Көшіп-қонбақ — елге сын.
Елін жамандаған
Елеусіз қалады.
Ауылын жамандаған
Атаусыз қалады.
Жолсыз жүріп торыққан
Жол қадірін біледі.
Жалғыз жүріп зарыққан
Ел қадірін біледі.
Ерді ер ақтайды,
Еңбекті жер ақтайды.
Жанжалшыл елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.
Өзін өзі білген ер бақытты.
Өзін өзі билеген ел бақытты.