Дос туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Дос" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Дос" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Дос" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Дос" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 211
Тақпақтар: 26
Өлеңдер: 609
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 159
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 2
Әңгімелер: 39
Ертегілер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 5
Анекдот, әзілдер: 8
Аңыздар: 4
Эсселер: 2

Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.
Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.
Кісімен дос болма, дос болсаң,
Қимасына көңіл салма.
Доспен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Досқа келсең босқа келме.
Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малың бер.
Көре-көре сүйінсін;
Жаман көреген досыңа,
Жаман көрген малың бер,
Көре-көре күйінсін.
Жолдасың соқыр болса,
Бір көзіңді қысып отыр.
Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.
Ет бергендей досың болсын,
Жер бергендей қосың болсын.
Досқа ат берме,
Ат берсең, жай жүр деме.
Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.
Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.
Сауда досқа қарамас.
Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.
Көзі сынық инемен
Көйлек тіге алмайсың.
Көңілі сынық құрбымен,
Ойнап-күле алмайсың.
Ас табылмайды,
Ас табылса, беруге дос табылмайды.
Қамыс отын емес,
Жалыны бар да шоғы жоқ.
Өтірік сөз досым емес,
Айтқан жерде өзі жоқ.
Сабы бос шотпен отын жарма,
Сабырсыз доспен жауға барма.
Ер көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді.
Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
Қасың менен досыңды
Қас-қабағы танытар.