Кедейлік туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Кедейлік" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Кедейлік" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Кедейлік" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Кедейлік" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 77
Өлеңдер: 9
Нақыл сөздер: 27
Әңгімелер: 3
Эсселер: 1

Саудада достық жоқ.
Иттен сүйек қарыздар.
Ақшалының қолы ойнар,
Ақшасыздың көзі ойнар.
Сатушыны алушы ұтады.
Малдың нарқын иесі айтпас,
Базар айтар.
Бай бір жұттық,
Батыр бір оқтық.
Жаңа байыған,
Жақынын да танымас.
Жарлы — жомарт,
Бай — нәмарт.
Бармын деп мақтанба,
Жоқпын деп қорланба.
Күні біткен жалшы,
Көнекті сырттан сұрайды.
Бар болсаң — аспа,
Жоқ болсаң — саспа.
Бар, барын айтады,
Жоқ зарын айтады.
Жуан созылғанша,
Жіңішке үзіледі.
Борышын жасырған байымас.
Бай бастас,
Бақыр мұңдас.
Байдан пайда артылмас,
Қудан айла артылмас.
Бай болып көргеніміз жоқ,
Кедей болып өлгеніміз жоқ.
Бейнет көрмей,
Дәулет жоқ.
Жарлылық, сені қайтейін,
Жандай досты жат еттің.
Кәрілік, сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт еттің.
Жарлы болсаң
Арлы болма,
Қарап жүріп
Сорлы болма!
Көптен дәметкен,
Аздан құр қалады.
Жарлылық деген жақсы екен,
Жатып ішер ас болса.
Базары жақын —
Байымас.
Тіленшіге жел қарсы.
Базар – бай, алушы – кедей.