Тіл туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Тіл" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Тіл" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Тіл" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Тіл" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 365
Жұмбақтар: 27
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 263
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 210
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 6
Әңгімелер: 31
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 23
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 18

Майда сөйлеп, ірі шық,
Ақылдының бірі шық.
Көп сөз күлгенге жақсы,
Аз сөз білгенге жақсы.
Делдал малдың базарын келтіреді,
Мақал сөздің ажарын келтіреді.
Тентек отты тебемдеп,
Аяғын күйдіреді.
Ділмәр шындықты жеңем деп,
Тілін күйдіреді.
Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
Аяқ — тұлпар,
Сөз — сұңқар.
Адам тілінен,
Ат аяғынан жазады.
Ең тәтті де — тіл,
Ең ащы да — тіл,
Ең жұмсақ та — тіл,
Ең қатты да — тіл.
Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.
Қағынған ауыздан
Ұшынған сөз шығады.
Айтсам тілім күйеді,
Айтпасам дінім күйеді.
Сәлемі жараспағанның —
Сөзі де жанаспайды.
Қол, аяғы бар кісі —
Жүк көтергіш нар кісі.
Тілі, сөзі бар кісі,
Жазасызға жар кісі.
Жалаң бұттың өлімі шөптен,
Жалаң сөздің өлімі көптен.
Қайғылы сөз
Қаза үстінде туады.
Қаһарлы сөз
Жаза үстінде туады.
Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.
Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
Көздің аласынан
Сөздің аласы жаман.
Сөзбен сөзді жуады,
Сабынмен бөзді жуады.
Жақсының өзі өлсе де,
Сөзі өлмейді.
Жаман сөз —
Жанға кірген тікен,
Жақсы сөз —
Таптырмайтын ем.
Қызыл тілден, ашынғанда у тамар,
Басылғанда бал тамар.
Санасызға айтқан сөз —
Тасқа тамған тамшыдай.
Саналыға айтқан сөз —
Қолға ұстатқан қамшыдай.
Өзі өтірікші
Өзгенің шын сөзіне сенбейді.
Ақынның тілі қылыштан өткір,
Қылдан нәзік.