Халық туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Халық" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Халық" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Халық" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Халық" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 147
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 326
Нақыл сөздер: 143
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 35
Ертегілер: 1
Шығармалар: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 3

Қалада халық бар,
Халықта ғұрып бар.
Жорғаң қатты болса, төске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
Көпшіліктен береке кетпес.
Берекелі жерден мереке кетпес.
Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.
Ел айырылса - көбіне,
Жол айырылса - кеңіне.
Көпті жылатқан көп жүрмес.
Көпті сөкпе,
Кенді төкпе.
Халық қатесіз сыншы.
Жаныс кетсе,Орнына жаппас қонар.
Жабықтан күні жарқырап,
Жайықтан суы сарқырап.
Қазақ байдың ұлы болғанша,
Халық байдың ұлыбол.
Аулы араластың,
Қойы қоралас.
Жігіт жүзге жеткен елді,
Жүзі қара кемітеді.
Ел алмаған елу жыл жатады.
Халыққа аға болғанның, арқасы жауыр болар.
Хан - қарақшы,
Халық - орақшы.
Халықтан ұял, құдайдан қорық.
Халық - кеуде, патша - бас.
Хақ сүйгенді халық сүйер.
Көшпелі елдің қоры болғанша,
Егінші елдің зоры бол.
Жанжалды елге жақын қонба,
Оқпанды жерге егін салма.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Ел қариясы - ел қазынасы.
Құлан кісінесе үйір жиналар.
Ер - жалғыз,
Ел - көп.