Анашым туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 67
Өлеңдер: 64
Құттықтау, тілектер: 34
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 6
Эсселер: 4

Аналардың күнінде
Анашым-ау мейрімді, Шаттық болсын жүзіңде. Қуана түс Анашым, Аналардың күнінде. 
©  Аналар күні
Анашым-ау ардақты
Анашым-ау ардақты, Құтты болсын мерекең. Аналардың күнінде, Арта берсін берекең.
©  Аналар күні
Аналардың күнімен
Құттықтаймын Анашым, Аналардың күнімен. Ортамызда жүрші аман, Күлкі кетпей жүзіңнен.
©  Аналар күні
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын Анашым, Аналардың күні бұл. Ортамызда күлімдеп, Анашым-ау аман жүр.
©  Аналар күні
Анашымдай жан барма
Мерекеде қуантар, Анашымдай жан бар ма? Сыйлықтарын жолдайтын, Әкешімдей жан бар ма? Рахмет әке, анашым, Жетелейтін заңғарға
©  Халықаралық балалар күні
Анашым мерекесіне
Жан анам мерекеңіз құтты болсынКөңіліңіз әрқашанда нұрға толсынТілеймін ұзақ өмір, зор денсаулықЖанұямыз әрқашан да аман болсын?✍?
Анашым
Жарқын жүзді анашым, Құтты болсын мерекең. Мерекеңде өзіңді, Әнге қосып тербетем.
©  8 наурыз
Анашым
анашым менің анашыммәпелеп өсірген сен едіңмейірімің қандай кереметанашым меенің анашым
Бақытымсың, бағалым
Бақытымсың, бағалы, Анашым сен ардағым. Шын жүректен мен сізге, Бар жақсыны арнадым. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анашым-ау, анашым
Анашым-ау, анашым, Бәрінен де дарасың. Ізгі жансың жалғайтын, Ағайындар арасын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анаң барда
Анаң барда бақыт бар, Жақсылыққа бастайтын. Бақытқа толар әр күнің, Шатығың да қашпайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Аман болшы анашым
Аман болшы анашым, Гүлдей жайнап әрқашан. Жүзіңізде нұр ойнап, Тәнті болып баршв жан. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анашым менің
Анашым менің ардағым, Бар жақсыны таңдайтын. Ұлыма деп қызыма, Бар мейрімін арнайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана деген атыңыз
«Ана» — деген атыңыз, Күлімдетер жанымды. «Балам» деген сөзіңіз,Шырайлы етер таңымды. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Мерекеңмен, Анашым!
Мерекеңмен, Анашым, Бұл көктемде кеп жеткен. Жаратқаным жар болып, Күн көп болсын нұрлы еткен. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Жан Анашым, ардағым.
Жан анашым, ардағым, Бар жақсыны арнадым. Сұлулығын өмірдің, Өзіңізге арнадым... Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Анам барда шаттанамын, күлемін, Анам барда бар жақсыны білемін. «Жаратқаным жар болсын» деп анама, Әрқашанда дұға етіп жүремін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
«Анама» — деп ән саламын, «Анама» — деп жыр жазамын. Жүрегіммен тілек арнап, Жақсылыққа қол созамын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Ананы бағалайық бәрмізАна деген бар адамнын бағы ғойАнаны бағаласбақ қалай біз Бұл өмірде сұреміз анасыз
Ана туралы тақпақ
Ана Пана,Ана Дана. Өмірге әкелетін,Ана ғана!  
АНАШЫМ
  Ақылмен аялаған,Асылын аямаған.Аялы алақаны,Ардақты, аяулы анам.
©  Бақыт Исаева
Ана
Жан сарқып жазсам да өлең жатпай-тұрмай,Қайсысы бар ана сүтін ақтайтындай?!Қайсысы туған ұлдан ескерткіш боп,Қайсысы ана атағын сақтайтындай?
©  Естеу Нүсіпбеков
Ана сүті
Ақтармын ана сүтін қайткенде мен?!Күйдірер тал бойымды өрттей дәмем.Жүрсем де арман қуып, өнер сайлап,Әлі де бола алмадым атақты адам.
©  Естеу Нүсіпбеков
Анашым
Жан тыныш, бейнеті аз күй көрмеді,Бала үшін ешкім оған сый бермеді.Азабы, тозағы да көп қоғамдаЖемісімді жеп менің үлгермеді.
©  Естеу Нүсіпбеков
Ана жайлы
Томпайып бейіт қалды белең қырда,Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға.Білген жоқ бірақ ана сол ұлының,Боларын құмар өрен өлең-жырға.Өлең-жыр құмар етті..
©  Естеу Нүсіпбеков